30 қазандағы директорлар кеңесінің шешімімен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып Шыңғыс Айдарбекұлы Оразалимов сайланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жаңа басшының тағайындалғаны туралы «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. Шыңғыс Оразалимов 1994 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген, қазір 32 жаста. Ол цифрлық технологиялар, өнімді басқару, стратегиялық даму және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру салаларында тәжірибе жинақтаған.

2015 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірді, ал 2017 жылы «жобаларды басқару» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын Шыңғыс Оразалимов 2014 жылы қарашада digital-маман ретінде бастады. 2014 жылдың қарашасынан 2019 жылдың маусымына дейін «Smart Digital Consulting» ЖШС, «KulanOil» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС, «Астана» халықаралық қаржы орталығы» АҚ-ның Финтех хабы және «Toolpar» ЖШС-де жұмыс істеді.

2019 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қаңтарына дейін «BTS Digital» ЖШС-де өнім менеджері қызметін атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан тамызына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да аппараттың стратегиялық даму департаментінің директоры, фронт-кеңселерді үйлестіру департаментінің директоры және басқарма жанындағы цифрландыру кеңсесінің жоба жетекшісі қызметтерін атқарды.

2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың маусымына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқармасы аппаратының IT жөніндегі басқарушы директоры болды.

2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың сәуіріне дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдың шілдесінен осы тағайындауға дейін Шыңғыс Оразалимов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да eGov дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.