Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапармен келді. Анкарадағы Этимесгут әуежайында мемлекет басшысын Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстан Президентінің құрметіне ұшақ трапының жанында құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды. Әуежайдың келу залында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған қысқаша әңгімелесті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров 28–30 қазан аралығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен баратынын мәлімдеген болатын.
Анкарадағы сапар барысында кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған мемлекет басшыларының келіссөздері өтеді.


