Математика
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 10 санының сан қатарындағы орны бойынша құрамын анықтау және қосылғыштардың компоненттерін қайталау. 10 санының құрамы бойынша өздерінің тұжырым жасап, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру;
• Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
• Ұқыптылыққа, білімділікке, ұжымдық жұмысқа, таза әрі сауатты оқуға, жазуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдістері: сұрақ – жауап, топтастыру, жинақтау, салыстыру, көрнекіліктік
Көрнекілік: сандар қатары, шырша, ойыншықтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, қазір бізде математика сабағы.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
- Қыс мезгілінде суық болса да, көңіл күйіміз көтеріңкі, сабаққа деген ынтамыз жоғары болсын.
а) Қуанамын мен де, (1 - слайд)
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан күнге – деп сабағымызды бастаймыз. Күнде бүгін шуағын шашып, күлімдеуде. Күннен біз өзімізге күш - қуат аламыз. Алған күшімізді бүгінгі сабақта пайдаланайық.
ә) Математикалық диктант
Оқушыларға бер. өрнектерді оқимын оқушылар класмейтқа мәндерін жазады, «пердені»ашу арқылы тексереміз.(2 - слайд) Мадақтау
8+1=9 ш
4+3=7 р
6+2=8 ы
8 - 6=2 а
- Балалар, осы өрнектердің мәнін табу барысында біз бір сөз шығаруымыз керек. Ол сөздің осы сабаққа қатысы болады?
- Жақсы балалар, шырша сөзі шықты. Бұл жайлы не айтуға болады? Мереке күндері шырша жайында теледидардан қандай жаңалықтар естідіңдер?(3 - слайд)
- Олай болса бізде өз сыныбымыздың жаңа жылдық шыршасын жағып, сыныбымызға мерекелік көңіл күй сыйлайық.
ІІ. Жаңа сабақ
а )- Бізге тапсырма беріледі соларды орындау барысында жүзеге асыра аламыз.
- Балалар, біз нешеге дейінгі сандармен таныстық? Тура және кері санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 т. с. с кері санау
- Олай болса біз бүгін 10 санының құрамымен танысамыз. Біз жаңағы шыршаларымызды жағу үшін алдымен сәндеуіміз қажет. Сәндеу арқылы біз тапсырманы орындаймыз, сонда біздің шыршамызда жану керек. 10 - ның құрамын ойыншықтардан тауып шыршаға ілгіземін.(қосылғыштардың компоненттерін атау арқылы, ереже бойынша қорытынды шығару. Шыршаны жағу)
ә) Дәптермен жұмыс
1. Дәптердегі үйдің ұяшықтарын толтыру
2. 10 санының құрамын қайталап айта отырып, өрнек түрінде жазу, оқулықпен байланыстыру.(1 оқушыдан тақтаға шығарып жазамыз)
- Балалар, қосуға кері амал қай амал. Яғни, қосындыны айырмамен тексереміз.
ІІІ. Сергіту сәті Видеобейне арқылы би қимылдарын, бой жазу жаттығуларын жасап көрсетеміз.
ІV. Оқулықпен жұмыс
а) Практикалық жұмыс. Салыстыру
- Суреттен не көріп отырмыз?
- Оны ненің көмегімен сызамыз?
Қызыл кесінді неше см? 10 см
Көк кесінді неше см? 9 см
- Олай болса қай кесінді ұзын? неше см ұзын болады?
- Қай кесінді қысқа неше см қысқа болады?
Ауызша оқимыз: 10 см>9см 9см <>
ә) №3 ауызша салыстыру. Қорытынды 10 өзінің алдындағы сандардан әрқашанда үлкен болады
б) «Кім шапшаң?» дәптердегі құрттағы өрнекті оқи отырып, соңғы мәнін табу(уақытпен есептеу)
V. Сергіту сәті Видеобейне арқылы көз қимылдарын жасап көрсетеміз.
в) Дәптермен жұмыс
- Бұл тапсырманы қалай орындаймыз?( Қорытынды шығару ) Өрнектерді салыстырғанда алдымен мәнін табамыз, содан кейін мәндері арқылы салыстырамыз.
VІ. Кел, ойнайық! «Қақпадан өтуге көмектес»
- Бауырсақта шыршасын безендіру үшін үйіне асығып барады. Біз бауырсаққа үйіне жетуге көмектесуіміз керек. неше жолмен жетеді екен. Слайд арқылы тексеру, бағалау.
а) Ойлан, тап. Тиісті амал таңбаларын тауып қой.
VІІ. Шығармашылық тапсырма
8 - 5(6, 7, 8)10 - 10 (9, 8, 7, 6, 5, 4, 3)
10 - 5<9 -="" 3(2,="" 1,="">9>
Мүмкін болатын жағдайлардың барлығы қарастырылады.
Қорытынды:- Не үйреніп?- Не білдік?
- Нешенің құрамымен таныстық?
- Алдағы болатын мерекелеріміз құтты болсын! Елбасымыз сенім артқандай, сабағымызды жақсы оқып. Тәуелсіз мемлекетіміздің еңсесін жоғары көтеруге ат салысайық.
10 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы
2024年3月5日487 浏览

#ашық сабақ математика#10 санының құрамы
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
14 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
14 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

