Ашық сабақ Әліппе 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы және әрпімен таныстыра отырып, сауатты жазуға, дыбыстық талдауға үйрету. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Оқушыларды әсемдікке, достыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың оқу, жазу, сөйлеу, ойлау қаблеттерін дамыту. Сөздік қорын, сөйлеу мәнерін одан әрі байыту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, плакат, суреттер, буындар, текшелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Армысыз шапағатты күн ана
Армысыз қайырымды көк ана
Армысыз мейірімді жер ана
Күндей жадырап, айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
- Оқушылар, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Келген қонақтар риза болуы үшін бар білгенімізді ортаға саламыз.
Оқушылар сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? Саяхатқа шыға отырып біз жолбарыстардың тапсырмасын орындаймыз.
1 - жолбарыстың тапсырмасы: Өткенді пысықтау.
Қандай дыбыспен таныстық?
І дыбысынан келетін сөздер айту
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбысты не істейміз? Әріпті ше?
Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз
Дауыссыз дыбыстарды ше?
Мақалды жатқа сұрау
2 - жолбарыстың тапсырмасы: Жаңа сабақ
Жұмбақ. Бұрап қойған сағаттай
Айғайлайды таң атпай Бұл не? (Әтеш)
Таныстырар әріппен
Мынау кітап әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен (Ә)
Әтеш, әліппе сөздері қай дыбыстан басталған. (Ә дыбысынан)
Ә дыбысын айту. Ә дыбысы қалай айтылып тұр. Ә дыбысын қай дыбысқа жатқызамыз. Баспа түрін және жазба түрін көрсету. Қызыл және көк текшелер арқылы әткеншек, әліппе, әтеш сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті. Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі
Ән айтамыз көңілді, көңілді
Би билейміз ырғақты, ырғақты
Біз бастаймыз оқуды, оқуды
Оқулықта берілген бағандағы сөздерді оқыту. буынға бөлу.
Ә - же ә - сем сән - ді ән ән - ші
Ә - ке ә - де - мі дәм - ді сән ә - теш
Мәтінді оқып беру. кім туралы? Мәтінді оқушыларға оқыту.
Дәптер және әліппе сөздерін жіктеу.
Менің дәптерім әліппем
Сенің дәптерің әліппең
Оның дәптері әліппесі
Сергіту сәті: Қалам алып қолыма
Ә дыбысын жазамын
5 - тік баға аламын
Үйге қуанып барамын
Баспа түрін басамыз
Жазба түрін жазамыз
Ә дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, ауаға жазу, тақтаға жазу.
Оқушылардың жазба жұмыстарын қадағалау.
3 - жолбарыстың тапсырмасы: Ойын «Шатасқан буындар»
АУ НА ДӘП ПА ШУ ЛА
ША ТЕР ҚА СА ТА АР
Не үйреніп, не білдік?
Ә дыбысынан келетін мақалдар айту.
Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала
Сабақты қорыту: Мен және сен
Міне қолым, міне жүрегім
Жақсы көрем сыныптасым менің!
Үйге тапсырма: Әліппе өлеңін жаттау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, сыйлықтар беру.
Ә дыбысы мен әрпі
Ашық сабақ Әліппе 1 сынып
2024年3月5日802 浏览
#ә дыбысы мен әрпі#қысқа мерзімді жоспар#ашық сабақ әліппе 1 сынып
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
8 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
28 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
48 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

