Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.
Дамытушылығы. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі. Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Абай суреті. Қыс суреті, ребус, сабаққа қатысты сызба, оқулық.
Сабақтың түрі: дамытушылық, жаңа білім беру.
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.
Құрал – жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін байқау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Барлығымыз көзімізді жұмып:
Мен сабақта мектептемін
Менің зейінім тұрақты
Мен жақсы ойлап отырмын - дейміз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға әр топтан үйге берген жаттауды айтқызу.
Жаңа сабақ.
ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.
Сөзжұмбақ шешу.
қ а р
т а м ш ы
с у
1. Қыста ғана болады
Ұстасаң, қолың тоңады.
2. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
3. Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен.
Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлық ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «Қыс» атты өлеңімен танысамыз.
V. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай туралы ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім.
І топ. Ақынның өмірбаяны
ІІ топ. Ақынның өлеңдері, шығармалары.
ІІІ топ. Абайдың сазгерлігі.
ІV топ. Абайдың қара сөздері.
Әр топтан бір – бір топтан тұрып, өз жазғандарын оқиды.
VІ. Поэзия минуты.
Әр топтан бір оқушыға өлең оқытып, соған байланысты топтың атын қою. «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры».
Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы білетінімізді байқадық.. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі? Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов. Қандай шығармасы арқылы? «Абай жолы» романы арқылы.
VІІ. Сұрақ жауап әдісімен.
1. Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?
2. Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?
3. Қыста дала қандай болады?
4. Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?
Балалар сендер өз ізденістеріңді сабақ барысында көрсете білдіңдер.
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Дұрыс, балалар, енді сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қыс» өлеңімен сабақтастырайық. Бұл өлең жазылған екен. Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
VІІІ. Өлеңді оқу.
ІХ. Сөздік жұмысы.
Соқыр - мылқау - түк көрмейтін.
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.
Шидем – жұқа тоқылған сырт киім.
Ұлпа – жеңіл, жұқа қар.
Бұрқ - сарқ - қатты дауыл, боран.
Алты қанат ақ орда - алты керегелі үлкен үй.
Х. Өлеңмен жұмыс.
Әр топ бір - бір шумақтан оқиды.
ХІ. Сергіту сәті.
Мынау менің - жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған
Мынау менің - оң қолым.
Мынау менің - сол қолым
Барлық істі атқарған.
ХІІ. Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ - жауап арқылы ашу.
1. Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға)
2. Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3. Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)
4. Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)
5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)
6. Соқыр мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады)
7. Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)
8. Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).
Толықтыру.
Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген. Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен. Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген.
ХІІІ. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу
2 - топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал - мәтелдер, таным - сенімдер айту.
3 - топ. Өлеңді аяқтап жазу.
............................... даламыз
............................... баламыз
............................... шанамыз
............................... боламыз.
4 - топ. «Қыс келбеті» сурет салу.
ХІV. «Топтастыру» стратегиясы.
Абай --------→ Ақын, ойшыл, данышпан, сазгер, сыншы, табиғат суретшісі, аудармашы
Абай---------→ кемеңгер, әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зере, азан шақырып қойған аты Ибраһим
ХV. Қорытынды.
Балалар, ұлы адамдардың көбі ата - әжелерінің тәрбиесінде болған. Мыс: Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған «абай бол, балам»деп кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен. Оның шын аты Ибрагим.
Тізбектеп оқу. Мәнерлеп оқыту.
«Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтау.
ХVІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.
Сабаққа қатысқан оқушыны бағалау.
Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»
2024年3月5日1717 浏览

#абай құнанбаев#ашық сабақ жоспары#бастауыш сыныптарына арналған#қыс өлеңі
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
24 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
24 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
44 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

