Сыныбы: 9
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;
2. Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни
ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,
адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Әдіс - тәсілдері: проблемалық ізденіс, талдау, ойын, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері
Көрнекілігі: Абайдың қарасөздері, слайд
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, Абайтану, өмірмен байланыс
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа назар аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Үйге А. Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі жатқа мәнерлеп оқуға берілген.
3. Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі.
а) «Сен - маған, мен - саған» ойыны. Топтар бір - біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды.
ә) «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны туралы ғалымдардың қандай пікірін білесіңдер?
Абайдың ән өлеңдерін атаңдар.
Реалистік сипаттағы шығармаларына қандай өлеңдері жатады?
Абайдың алғашқы өлеңі қандай?
Махаббат лирикасына жататын шығармаларын атаңдар.
Ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деуінің мәні неде?
Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі туралы айт.
4. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау. Абайдың шығармаларын топтастыру арқылы оның қарасөздерін арнайы бөліп алып қарастыру мақсат етіп қойылады.
Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйінішәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін бөліп оқыту.
1 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?
Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.
2 - топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай?
Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру.
Өмірбаяндық: 1 - сөз.
Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз
Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37
3 - топ тапсырмасы: берілген қарасөздердің түйінін тауып оқыңдар.
Үлгі: 18 - сөзінде өзекті ой мына сөйлемдер арқылы берілген:
«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық».
Дәптермен жұмыс.
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.
Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».
5. Білімді бекіту.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не?
2. Қарасөз деген не?
3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары?
4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар.
5. Абайдың қарасөздерін зерттеген, шет тілдеріне аударған кімдер?
6. Қандай нақыл сөздерін білесің?
7. Абай қарасөздерін қай жылдар аралығында жазған?
8. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?
6. Білімді бағалау.
Бағалау белгішелері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
7. Үй тапсырмасы.
Абайдың 25 - сөзін жатқа оқу.
Абайдың қара сөздері
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
2024年3月5日757 浏览

#абай құнанбаев#қазақ әдебиетінен сабақ жоспары#абайдың қарасөздері
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
21 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
21 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
41 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

