Сабақтың тақырыбы Абайдың табиғат лирикасы
Білімділік мақсаты Оқушыларға Абай өлендерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру, этнографиялық танымдарды кеңейту.
Дамытушылық Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі Жарыс сабақ (топтық)
Әдіс-тәсілі Баяндау.«Ой қозғау».«Дөңгелек стол».«Кубизм»,
Венн диаграммасы. Топтық жарыс.
Пәнаралық байланыс Тарих, ән - күй.
Көрнекілік Сұрақты тапсырмалар салынған конверт. Ақын портреті.
Абай сөздері жазылған плакаттар, қосымша дидактикалық материалдар.
О. Сүлейменов, М. Шаханов суреттері.
Сабақ барысы׃1. Ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.
Ой қозғау: «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша берілген ақ парақтарға жыл мезгілдері туралы сипаттап жазады. 1 топ – жазғы табиғат туралы. 2 топ – қысқы табиғат туралы жазады. Әр топтан 1 оқушы оқиды.
2. Өткенді пысықтау.
Өткенді пысықтау мақсатында " Абай әлемі" тақырыбына кластер әдісі бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауабын тауып іледі.
1. Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз.)
2. Туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.)
3. Абайдың шын аты кім еді? (Ибрагим.)
4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере.)
5. Абайдың арғы аталары кімдер? (Өскенбай, Ырғызбай. )
6. Шешесінің аты кім болған. (Ұлжан.)
7. Құнанбай неше әйелді болған? (4 әйелді.)
8. Абайдың. Дүниеге көзімді ашқан кім еді? (Михаэлис.)
9. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.)
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? (Ахмет - Риза.)
11. Абайдың руы қаңдай? (Тобықты.)
Жаңа сабақ.
Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика дегеніміз ақынның ішкі жан дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл - күйі, күйініш - сүйініші тән. Лириканың 4 түрі бар.
Лирика
↓
филосо фиялық, саяси, махаббат, табиғат
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - хәлді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады. Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған.
Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдеріне байланысты жарыс сабақ өткізбекшіміз.
Жарысқа 2 топ қатысады.
1топ –«Жаз», «Күз» (1886 - 1888 ж)
2 топ -«Қыс», «Жазғытұры»( 1888 - 1890 ж)
Жарыс 5 бағыт бойынша өтеді.
1. Поэзия
2. Теория
3. Ән - күй.
4. Этнография
5. Экология.
Жарыс сабақтың мақсаты - сендердің өнер - білімдеріңді жан - жақты байқау. Әр бағыттың арнайы сұрақ тапсырмалары бар.
1 бағыт – Поэзия
1. тапсырма. Әр топтың мүшелері 3 шумақтан бірін - бірі жалғастырып. өлеңді мәнерлеп жатқа айту керек.
2 тапсырма. Әр топ өздеріне арналған сұрақтарға жауап береді.
1) «Жаз», «Күз» тобына.
а) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
ә) Ауыл тұрмысы қалай көрсетілген?
2) «Қыс», «Көктем» тобына.
а) Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?
ә) Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген?
2 бағыт - Теория.
1 тапсырма
1 топқа - "Күз", "Жаз".
1) Эпитет дегеніміз не? "Күз" өлеңінен мысал келтір.
2 топқа - "Қыс", "Жазғытұры."
а) Кейіптеу дегеніміз не? « Қыс» өлеңінен мысал келтір.
2 тапсырма.
Әр топ өз өлеңдерінің құрылысына талдау жасайды. ( бунақ дегенді анықтау)
1) Өлең шумағы неше тармақтан тұрады? (4)
2) Әр тармағын буынға бөліп, неше буынды өлең екенін анықта?
3) Өлең неше шумақтан тұрады? (6, 8, 13)
4)
3 бағыт - Ән - күй.
Абайдың табиғат туралы әндерін шырқау жарысы. Қай топ көп айтады.
4 бағыт - Этнография
Өлеңдерде кездесетін қазақтың көне тұрмысына, шаруашылығына қатысты кейбір
сөздеріне түсінік беру.
1. Малма деген не? Малма сапсу дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шуда жіп деп қандай жіпті атаған. Оны қалай иіреді.
3. Шом, Шомшы деген не?
4. Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың қысқа, жазғы қоныстары қалай аталған.
5. Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қанат болуы мүмкін. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
6. Шидем деген не?
7. Ене деген кім? Қазақша қандай туыстық атауларды білесің?
8. Құда деп кімді айтады?
Жауабы.
1. Малма - тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты - үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.
1. Түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген.
2. Шом - түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы - түйемен
жүк тасушы адам.
3. Күзеу - малшылардың күзде отыратын қонысы. жайылымы.
Қысқы қоныс – қыстау, жазғы - жайлау делінген.
4. Киіз үйлер керегесінің санына байланысты 5, 6, 7, 12 қанат болып келеді. Ол мынадай бөліктерден тұрады: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, түндік, іргелік, туырлық үзік, басбау, бау т. б.
5. Шидем - қойдың жабағысынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны күпі деп те атаған. Қазақта сондай - ақ тон, ішік, тымақ. бөкебай, түлкі тымақ, құлақшын, пима байпақ т. б. киімдер бар.
6. Келіндер күйеуінің шешесін ене деп атаған. Туыстық атаулар: апа, көке, ата, әже, жезде, аға, жеңге, балдыз, абысын, келін, құда, құдағи, құда бала, құдаша, бөле, нағашы, жиен, жиеншар, сіңлі, қарындас, қайын сіңлі.
7. Қыз алысып, қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады."Құда мың жылдық, күйеу – жүз жылдық", "Құдаңды құдайыңдай сыйла"
5 бағыт - Экология.
Ой толғау.
2 топқа конверттің ішіне салынған 2 сурет беріледі.
(Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов)
Сұрақтар.
1. Бұл кімнің суреті. Оның бүгінгі сабаққа, экологияға қатысы қандай?
Қандай еңбектері бар?
2. Олардың табиғат қорғау жөніндегі қызметі туралы не білесіңдер.
Қорытындылау. Біз бүгін не білдік, не үйрендік?
Бағалау парағы: әр стратегия бойынша дұрыс жауап берген топқа бір ұпай беріп отырамын. Сабақ аяғында есептеп бағалаймын.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Үйге тапсырма: "Табиғатым - махаббатым" атты эссе жазу
Абайдың табиғат лирикасы
Сабақтың тақырыбы Абайдың табиғат лирикасы
2024年3月5日1363 浏览

#абайдың табиғат лирикасы#әдебиеттен сайыс сабақ жоспары#абай құнанбаев өледері
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
8 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
28 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

