Тақырыбы: Африка материгін қайталау
Сабақтың мақсаты: Африка материгі туралы алған білімдерін жинақтап, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың Африка материгі туралы алған білімдерін жинақтау, пысықтау арқылы қорытынды сабақ өткізу.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан - жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Географиялық мәдениет қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері дамыған тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті, алты қалпақ әдісі, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, интерактивті тақта, электронды оқулық, слайд, ватман, маркер.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Материкке шолу
IV. Бекіту
V. Қорытындылау. Бағалау. Кері байланыс.
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін сабаққа аудару.(психологиялық ахуал)
ІІ. Қызығушылықты ояту. Африка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім оттай ыстық жермін,
Қазір де әл - ауқатты бірнеше елмін.
Египет, Алжир, Марокко бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Килиманджаро, Айдаһар
Нил, Замбези суым қандай!
Виктория, Чад көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Африка)
- Алдынғы сабақтарда Африка туралы не үйрендіңдер? не білдіңдер?
- Осы материктің географиялық орны мен таныстық, табиғат зоналары, елдері және халқы туралы көп білім алдық.
- Бүгін Африка материгі тарауының соңғы сабағы, соңдықтан алдымызға қандай мақсат қоямыз?
- Алдынғы сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, жинақтап қорытынды сабақ өткіземіз.
- Жақсы, онда сабақта сендерге сәттілік тілеймін...
Ал қазір біз жұмысты осылай жүргіземіз. «Ең, ең, ең...»
- Африка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «кластер» құрайды)
Ең үлкен тропиктік шөл(Сахара) Ең биік жаңартау – Килиманджаро Ең ұзын өзен(Нил)
Ең үлкен арал –(Мадагасқар) Ең ірі жануар (Африкандық піл)
Ең ірі сарқырама (Виктория)
ІІІ. Материкке шолу.
Интерактивті тақтада, электронды оқулықпен жұмыс:
Географиялық нысанды орнына қой.
1 - тапсырма:
Африканың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Альмади мүйісі)
Африканың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Игольный мүйісі)
Африканың батыс шеткі нүктесін көрсету. (Рас Хафун мүйісі)
Африканың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Бен Сека мүйісі)
Африканы қандай сулар шаяды?
Ең биік тау жүйесін көрсет?
Ең ежелгі мемлекеттерді анықта...
2 - тапсырма
Африка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру.
Тест сұрақтары:
1. Дүние жүзінде ең ыстық материк...
А) Еуразия
Ә) Оңтүстік Америка
В) Аустралия
С) Африка
Д) Солтүстік Америка
2. Африкада Жер шарында ең үлкен тропиктік континенттік шөл:
А) Намиб
Ә) Сахара
В) Қызылқұм
С) Қалахари
Д) Мадагаскар
3. Ұзындығы 6671км созылған Жер шарындағы ең ұзын өзен:
А) Нигер
Ә) Замбези
В) Конго(Заир)
С) Нил
Д) Эйр
4. Мадагаскар аралының символы болып табылады:
А) Лемур мен саяхатшылар ағашы
Ә) Керік
В) Майлы пальма
С) Қабылан
Д) Вельвичия
5. Ең бойшаң адамдары – тутси мен химилер:
А) 150160см
Ә) 160 - 170см
В) 170 - 180см
С) 180 - 200см
Д) 200 - 210см
6. Даму дәрежесі ең жоғары мемлекет:
А) Либия
Ә) ОАР
В) Эфиопия
С) Египет
Д) Судан
7. Египеттің астанасы:
А) Александрия
Ә) Триполи
В) Алжир
С) Рабат
Д) Каир
8. Африканың оңтүстік шеткі нүктесі:
А) Игольный мүйісі
Ә) Бен - Секка
В) Рас - Хафун
С) Альмади
Д) Пиай
9. Шығыс Африкадағы жанартау, биіктігі 5895 м:
А) Атлас
Ә) Килиманджаро
В) Анды
С) Гималай
Д) Тянь-Шань
Африка материгін қайталау
Тақырыбы: Африка материгін қайталау
2024年3月5日748 浏览

#география#ашық сабақ#африка материгі
推荐阅读
法官解释为何判处苏丹·萨尔塞马利耶夫无期徒刑
阿特劳法院法官扎雷玛·哈米杜利娜透露,判处苏丹·萨尔塞马利耶夫无期徒刑的原因是其在2025年5月至12月期间故意杀害四人,并事后实施诈骗、盗窃、侵占身份证件等多项犯罪,包括以死者名义贷款和冒充死者发送信息,法院认为其社会危害性极大,决定永久隔离。该判决于2026年7月14日公布,引发社会关注。案件细节令人震惊。
24 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
24 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
24 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

