Ақтауда «Жылы жағажай» демалыс базасының ауданында ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Судың өшірілуі құбырдағы апатты жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды infohub.kz.
Сағат 16:30-да су беру тоқтатылды. Қала әкімдігі: «Судың өшірілуі ауыз сумен жабдықтау құбырындағы апатты жөндеу жұмыстарына байланысты. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі мен су берудің қайта жандануы туралы қосымша хабарланады», — деп нақтылады.
Бұған дейін Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өңірдің ыстық маусымға дайындығы туралы айтқан еді.


