Алматы соты 1,1 миллион теңгеге пластик елтаңба сатып алды: Неге мұнша қымбат?
Алматыдағы Сот әкімшілігі департаменті 1,5 метрлік пластик елтаңбаны 1,15 миллион теңгеге сатып алды. Бұл баға басқа мемлекеттік органдардың сатып алған елтаңбаларымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Алматыда мемлекеттік рәміздердің бірі – елтаңбаның құны жұртшылықты таңғалдырды. Департаменттің 1,5 метрлік пластик елтаңбаны 1,15 миллион теңгеге сатып алуы көпшіліктің назарын аударды. Бұл сома мемлекеттік бюджеттен бөлінген.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.