Алматы Бизнес және коммуникациялар колледжінде диплом табыстау рәсімі кезінде бір түлек өз дипломын жыртқан болып, әлеуметтік желіде қызу талқылау тудырды. Кейін бұл нағыз диплом емес, алдын ала дайындалған екінші мұқаба екені анықталды, деп хабарлайды sn.kz сайты.
Пайдаланушылардың пікірлері екіге бөлінді: біреулер мұны тапқыр әзіл және креативті перформанс деп бағаласа, енді біреулер мұндай әрекетті орынсыз деп санап, диплом табыстау – оқытушылар еңбегі мен түлек жетістіктері бағаланатын маңызды рәсім екенін еске салды.
Үшінші топтағы пайдаланушылар болған оқиғаны әзіл ретінде қабылдауға шақырып, ешқандай ресми құжатқа зақым келмегенін атап өтті.


