Алтын күз ертеңгілігі.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру.
Білімділік: Алтын күз жайлы түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінде өнімдердің молшылығын, байлығы түсіндіру.
Дамытушылық: Қоршаған орта жайлы ойлау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамыту.
Күз мезгілінің табиғатын көре білуге, байқай білуге, сезіне білуге үйрету.
Мәнерлеп оқу, өлең айту, жұмбақ шешу арқылы балалардың тілін, сөздік қорын дамыту, қызықты ойындар арқылы балалардың бойында мерекелік әсер қалдыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік, достыққа, татулыққа, табиғатқа қамқор болуға, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Жүру барысы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Ой, балалар, қандай, тамаша бүгін бәрің қандай әдемісіңдер, бүгін қандай мереке? Тоқтай тұрыңдар мен алдымен сендерге жұмбақ жасырайын.
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай ,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар; «күз» - деп жауап береді.
Жүргізуші:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, табиғаттың бұл құбылыстары күз мезгілінде болады екен!
Ендеше балалар күз туралы тақпақтарымызды айтайық?
1-бала: Ильяс:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізде күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
2-бала: Анель
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да.
Жанның бәрі жарқын жүз.
3-бала: Дарын
Сау-сау етіп жапырақ,
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкке құстар тізілді.
4- бала: Жансерік
Алтын, сары, қызыл, көк.......
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Хор: «Күз»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Бізге қонақ келмекші.
Сендерді бір көрмекші,
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды ортаға шақырам.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»
- Бұл не, балалар?
Балалар: күз
Алтын күз:
Сәлем менің достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар, мен сендерге көкөністерім мен жемістерімді ала келдім.
Балалар осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын «Көкөністер мен жемістерді » жинау деп аталады.
Ойын шарты: Бір себетке көкөністерді бір бөлек, екінші себетке жемістерді бір бөлек ажыратып саламыз.
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, көкөністерге кезек берейік.
Пияз:
Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.
Қызанақ:
Талшыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен –қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Картоп:
Картоп - біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
Сәбіз:
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.
Қызанақ:
Менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз салат болмайды.
Винегрет үстелде.
Жүргізуші: Алтын күз, енді біздің балаларымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Қолшатыр биі.»
Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет балалар! Билерің қандай керемет, қандай ақылды балаларсыңдар!
Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы біздің топқа біреулер келе жатқан сиақты.
(Осы кезде ересек топтың балалары қонаққа келеді.)
Жүргізуші: Саламатсыңдар ма балалар!
Біздің балалардың Алтын күз мерекесіне қош келдіңдер!
Балалар :Біздерде сіздердің ертеңгіліктеріңізге қатысқымыз келеді.
Бізде өнерліміз.
Жүргізуші: Ендеше балалар «Шалқан » ертегісін тамашалаңыздар.
Алтын күз: Ой басқада балабақшаларға баруым керек, сондықтан қонақ балдарды ертіп сонда барайын.
Жүргізуші: Балалар Алтын күз бен қонақ балаларға рахмет айтайық.
Келесі кездескенше аманшылық болсын! (балалар Алтын күз бен және қонақ балалар мен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз бен қонақ балалар шығып кетеді).
Жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз
Мерекеге бүгінгі
Ән саламыз бәріміз!
Ән: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы балаларымыздың Алтын күз ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті, күз баршамыздың отбасымызға молшылық, береке, ырыс әкелсін.Сау-саламатта болыңыздар!
Атырау қаласы,
КМҚК №33 «Көркемай» балабақшасы
Жақсылықова Мөлдір Абзалқызы
Екінші сәбилер топ тәрбиешісі
Алтын күз ертеңгілігі
Алтын күз ертеңгілігі.
2024年3月5日672 浏览

#табиғат#күз туралы ертеңгілік жоспары#сары күз#күз мезгілі#алтын күз ертеңгілікі
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
8 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
28 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

