Алтынбалық
Мақсаты мен міндеттері:
Балалардың танымдық, интеллектуалдық, эмоционалдық ерік - жігерлік аясын кеңейту, сөздік қорларын дамыту;
Шығармашылық ойлау - қабілеттерін дамыту;
Балаларды қиын жағдайдан шығатын жол іздеуге, олардың өзгеру тәсілдеріне үйрету, демалу гимнастикасының техникасымен таныстыру.
Материал: Құмсалғыш; ойыншық балық, құмсалғыштағы құмда ылғалды түрлі - түсті құм, құмға арналған формалар, музыкалық сүйемелдеме.
Оқу қызметі барысы:
Балалар залға кіріп, шеңбер жасап тұрады.
Балалар матамен жабылған «құм жапырағының» айналасында орындықтарда отырады.
Қайырлы таң, балалар!
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Мен өзімнің жылуымның бір бөлігін сендерге бергім келеді. Қанекей қол ұстасайық. Сендер менің жылуымды сездіңдер ме? (Балалардың жауаптары).
Ал, енді бір - бірімізге күлімдейік, сонда біздің көңіл - күйіміз одан сайын жақсара түседі.
Балалар, бүгін біз тек сөзбен емес, қимылмен де амандасайық.
Қол қолмен, шынтақ шынтақпен, тізе тіземен. Балалар бір - бірімен шеңберде тұрып амандасады.
Балалар шеңбер бойынша орындыққа отырады.
Балалар, Су асты әлемінде балықтар өмір сүреді. Суда нелер өмір сүреді екен Балықтардың көптеген түрлері бар екен. Біздің Атырау қаламыздағы Жайық өзенінде: бекіре, сазан, көксерке, табан, аққайран балықтары өмір сүреді екен. Бәріміз бірге қайталайық. Балалар, тіршілік көзі. Су түссіз, дәмсіз болады. Бірақ сурет салғанда судың түсін көгілдір түспін бояймыз. Су асты әлемінде өсімдіктерде өмір сүреді екен. Оларды қалай атаймыз. Түсі қандай болады Дұрыс айтасыңдар. Мен алдарыңызға қағаз беремін, ол жай қағаз емес сиқырлы қағаз. Кешегі сабағымызда су асты әлемін боядық. Енді соған балдырдың суретін салайық. Бұл жерде біз дәстүрден тыс әдісті қолданып, таяқшамен саламыз. Жоғарыдан төмен қарай ирек сызықпен балдырымызды саламыз. Болған соң, суретімізді жаттығу арқылы кептірейік. Бәріміз бірге демімізді мұрын қуысы арқылы ішімізге тартып, ауыз қуысы арқылы сыртқа шығарайық. 3 рет қайталайды. Балалар, суретіміз кепсе, қағазымызды айналдырамыз. Ненің суреті шықты Балалардың жауабы.
Балықтардың түсі қандай екен
Психолог: Мен сендерді ғажайып Құм елімен таныстырамын. Мұнда құм салғышта құм сақтаушы – Құм ханшайымы тұрады.
Ол өте көңілді, көптеген ойындар, оқиғалар мен ертегілер біледі. Бірақ ол тек ережені сақтайтындармен бөліседі.
Құм еліне кіру салт - жоралғысы:
Құм еліне бару үшін құмсалғышты айнала тұрып, қол ұстасу керек. Енді өз аттарыңды атаңдар.
Қолдарыңды құмсалғыштың үстіне алақандарыңды төмен қарата созыңдар.
Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайталаңдар:
Алақанымызды бағдарлап,
Тауып ал мейірім мен махаббат
Құм ханзадасы кел енді
Тұрмыз күтіп біз қарап.
Музыка ойнайды да, пердеден Құм ханшайымы шығады
Психолог: Балалар көздеріңді ашыңдар. Енді Құм ханшайымен танысайық, ол не айтар екен, соны тыңдайық.
Құм ханзадасы:
Сиқырлы әлемге келіпсіңдер,
Ортаға мені шақырыпсыңдар.
Балалар сендер құм елінің ережесін білесіндер ме? ( Балалардың жауабы).
Психолог: Балалар, Құм ханзадасына құм елінің ережесін айтып берейік.
Мұнда керісуге болмайды
Құм шашуға болмайды
Пікір айтып, жасауға бірақ болады
Тау, өзендер, теңіздер -
Өмір болсын айнала
Ешкімді де ренжітпе,
Ештеңе де сен шашпа
Бейбіт өмір бұл елде
Достарым менің орындықтарыма отырыңдар. Мен сендерге «Алтын балық» туралы ертегіні айтып берейін.
Музыка жай ойналады.
Құм елінде ғажайып Алтын балық өмір сүріпті. Барлық тұрғындар оны жақсы көрді, ол да оларды жақсы көрді, бірақ оның достары болмапты.
Бір күні Алтын балық басқа елде алтын балықтың достарын жасай алатын көңілді, мейірімді, ақылды балалар бар екенін біледі.
«Олар маған міндетті түрде көмектеседі» – деп ойлайды Алтын балық.
Осылайша ол біздің балалар бақшасына телефон шалды.
Ол сендерді құм еліне шақырады.
Құм картинасын жасау.
Музыка ойналады. Психолог» құм жапырағынан» матаны алып тастайды.
Психолог: Қараңдар, міне ол «Алтын балық» Шынында да әдемі ғой!
Балалардың алған әсерлерімен бөліседі.
Сонымен менің достарым, сендер қалай ойлайсыздар, біз балыққа көмектесе аламыз ба?
Балалардың жауаптары
Ал енді ылғалды құмнан балықтың достарын жасап көрейік.
Музыка ойнайды. Психолог балалармен бірге балықтар жасайды.
Мінекей, бәрімізде шебер екенбіз. Біз Алтын балыққа көмектесіп, достарын жасап бердік.
Ертегілік су асты елінде өсімдіктерде бар.
Кім біледі, олар қалай аталады? Балдырлар
Олардың түсі қандай болады? Жасыл
Құм ханшайымы:
Өте жақсы балалар сендер бәрін біледі екенсіңдер, Алтын балықтың достарын да тауып бердіңдер. Енді менің кететін уақытымда жетті.
Психолог:
Балалар Құм ханзадасымен қоштасайық.
Сау болыңыз
Жұмыс аяқталғаннан кейін психолог қол жууды ұсынады.
Релаксация:
Ойын: Балықтар
Музыка ойнайды.
Балалар, келіңдер ойын ойнайық. Балықтардың ішінде жыртқышы да болады екен. Ол өте қорқынышты. Сендер өздеріңді кішкентай, ғажайып балықтармыз деп елестетіңдер. Суда шолпылдата жүзіп, бір - бірлеріңмен ойнайсыңдар. Сендерге көңілді әрі жайлы.
Балалар балықтарды бейнелейді.
Бірақ бір кезде залым акула пайда болады. Сендерге қорқынышты. Сендер су түбіне тығылып, оның қашан кететінін күтудесіңдер.
Акула айнала жүзіп, ешкімді таба алмаған соң кетеді.
Қорқыныш кетіп, сендер тынышталасыңдар, қайтадан жүзе бастайсыңдар. Демалыстарың бірқалыпты, сендерге жақсы және жайлы.
Оқу қызметі рефлексиясы:
Психолог: Бүгін біз Құм ханшайымымен таныстық, ол бізге құммен ойнау ережесін таныстырды. Біз Алтын балыққа достарын тауып, шын мәнінде бақытты болуға көмектестік. Біз ертегі жасадық, ал бұл дегеніміз - ең мейірімді жасаушы болу.
Қазір менің көңіл - күйім өте жақсы. Ал сендердің ше?
Мен көп қызықтарды біліп, сендермен және Құм ханшайымымен ойнай отыра, тамаша демалдым.
Құм елінен шығу салт - жоралғысы
Енді менің сүйкімділерім, қолдарыңды құм салғыштың үстіне созып, шар айналдырғандай қимыл жасаңдар. Енді жүрек тұстарына қойып, менің айтқанымды қайталаңдар:
«Біз өзімізбен бірге бүгін болған маңызды істі, үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз»
Қоштасу салт - жоралғысы.
Атырау қаласы
МКҚК№29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасының
педагог - психологы Карабасова Гульбаршын Алиповна
Алтынбалық
Мақсаты мен міндеттері:
2024年3月5日772 浏览

#психология#балабақшаға#алтынбалық
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
14 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
14 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

