Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Аңдар қысқа қалай дайындалады?
Мақсатын: Балаларды жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімдеу қабілеті туралы түсінігін нығайту және кеңейту, табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез - құлқы арасындағы қарапайым байланыстарды анықтау қабілетін дамыту жүннің түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы. Жануарларға мейірімді болуға үйрету.
Әдіс - тәсілдері:
1 Амандасу
2 Шаттық шеңбері
3 Ойын
4 Орманға саяхат ( пойыз мінуі)
5 Ғажайып сәт ( Орманшының орманға кіргізбеуі)
6. Жаңа тақырып (Жануарлармен таныстыру)
7. Орманшының тапсырмасы (ойын)
8. Дидактикалық ойын «Өз үйін тап»
9. Қорытынды.
Көрнекілер мен құралдар: Слайд жабайы аңдардың суреттері, орман көрінісі, жұмсақ ойыншықтар
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Саламатсыздар ма, оқушылар.
Шаттық шеңбері
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар алақандарын бір - біріне тигізіп табиғатағы жылулыұтарын силайды.
Бүгінгі күн терезеден тұр қарап
Сондай жақсы көңіл күймен басталады бұл сабақ.
Қызығушылығын ояту.
Балалар жабай жануарлар мен үй жануарларын айыру ойыны.
- Қандай ойындар ойнадық?
- Бұл аңдарды қайдан көрдіңіздер?
- Бұлар қайда мекендейді?
- Бұлар қандай жануарлар? Үй жануарларынан айырмашылығы неде?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ««Аңдар қысқа қалай дайындалады?»» деп аталады?
Ендесе орманға саяхат жасайық қане бәріміз, пойызға мініп саяхат жайық.
Орманға келген кезде пойыздан түсіп орманға қарай жүреді. Сол кезде орманның алдынан Орманшы шығады.
Орманшы: Қайда келдіңдер? Сендер кімсіңдер?
Тәрбиеші: Біз ормандағы жабайы жануарларды көргіміз, білгіміз келеді. Балалар көргісі келеді кіргізіңізші.
Орманшы: Ендеше балалар сіздерге тапсырмам бар. оны орындамасаңдар орманға кіргізбеймін
Тәрбиеші: Балалар орманшының тапсырмасын орындаймыз ба?
Балалар: ия
Орманшының тапсырмасы: Суретегі жануарлар туралы тақпақтар айтып беріңдер.
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян.
Қаша берсең қалыңға,
Қорқағым деп ат қоям.
Мен айлакер түлкімін,
Алдау менің өнерім.
Таба алмаймын бір тыным,
Күнде, түнде желемін.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп - кішкентай арадан.
Орманшы: Жарайсыңдар балалар.
Балалар орманға кіреді.
Алдынан жабайы жануар қасқыр тұрады.
Тәрбиеші: Балалар мынау қасқыр. Балалар ол неге ұқсайды? Бірақ ол итке қарағанда үлкен, аяқтары ұзын. Өйткені ол өзінің азығын жүгіріп жүріп аулайды. Қасқыр қыста құстармен, дала жануарларымен қоректенеді. Ол апанда тұрады, балаларын бөлтірік деп айтады.
- Ары қарай жүрейік:
Тәрбиеші: Ал балалар алдымыздан кездесті?
Бұл аңның аты Аю деп аталады. Ол үлкен, ақылды, иіс сезгіш жыртқыш аң, бірақ ол өз бетінше ешкімге тиіспей, ол жаз бойы жеміс – жидектер мен өсімдіктерді жеп, денесіне май жинап, қыс басталғанда қартын астында түлкен апанда ұйықтайды.. Әсіресе аюлар балды жақсы көреді.
Аюдың баласын қондық деп атайды.
- Ары қарай жүрейік:
Тәрбиеші: Мынау түлкі. Балалар қараңдаршы, қандай әдемі болады. Түлкінің мұрны иісті жақсы сезеді. Ол қар астындағы тышқандарды, құстарды аулап қоректенеді. Терісінің реңі қызғылт сары, құирығы ұзын болып келеді. Түлкі тамаша аңшы. Ол қу әрі айлакер болып келеді. Түлкінің баласын: Мыршай немесе түлкішек депте айтады.
- Ары қарай жүрейік:
Тәрбиеші: Ал балалар мынау өздерің білетін қоян. Ол өте қорқақ болып келеді. Қоян тез жұгіреді. Ол жерді қазып ін жасайды. Олар қоныстарын жиі ауыстырады. Қондарды асыруға да болады. Олар ағаштың қабықтары мен кепкен шөптермен қоректенеді. Олар сәбіздерді жақсы көреді. Қоянның баласын көжек деп айтады.
Тәрбиеші: балалар шаршадыңдар ма? Тоңдыңдар ма? ендеше байымызды сергітіп алайық.
( Сергітіу жаттығуы, орысша қазақша).
Тәрбиеші: Ал балалар міне орманды аралап болдық енді орманнан шығайық.
Сол кезде орманның шығар алдынан Орманшы тұрады.
Кишкенебаева Динара Асқаровна
Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Аңдар қысқа қалай дайындалады? жүктеу
Аңдар қысқа қалай дайындалады?
Білім беру саласы: Таным
2024年3月5日740 浏览

#балабақша#қыс мезгілі#жабайы жануарлар#аңдар қысқа қалай дайындалады#жануарлардың мінез құлқы
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
11 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
31 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
31 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

