Сабақтың тақырыбы: Әнұран. Буын.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын жайлы білімін толықтыруға мүмкіндік жасау; Оқу - жазу дағдыларын арттыру, ел рәміздерін құрметтеуге Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілі: үнтаспа.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн, ерекше сабақ бізге қонақтар келіпті, мектептің мұғалімдері.
- Бүгінгі сабақты жақсы өтсін десеңіз бір - бірімізге қарап, сәттілік тілейміз.
2. Өткенді пысықтау.
- Бүгін жарыс сабақ, ат жарысы түрінде өтеді, сендер бәйгеге қатысасыңдар 2 қатарға 2 ат,
1 - қатарға қоңыр атпен шабады, ал 2 - қатар қара атпен жарысқа қатысады.
- Өте жақсы. Балалар, біздер бүгін буын тақырыбын аяқтап қалдық, сондықтан ойымызды жинақтап, сұрақтарға, дұрыс, толық жауап береді деген үміттемін сендерге.
4. Ой - толғау. Үйге қандай тапсырма берілді? ( Мәтінді оқу, түсінгенін айту)
Мына сұрақтарға жауап береміз:
1) – Мемлекеттік тіл қай тіл?
2) – Қазақстанда қандай мекендейді?
3) – Қазақстан, Отан туралы кім өлең біледі?
- Өте жақсы.
Әр топтан бір оқушыдан шығады? Өлең айтады.
Әр топ ойланып, кімді шығарады екен.
- Өте жақсы.
- Ал, енді «Мемлекеттік тіл» мәтінінен түсінгенін кім айтады? (Әр топтан 1оқушы)
5.«Болжау»
- Балалар қандай ән айтқанда, біз оң қолымызды жүрегімізге қоямыз? (Әнұранды)
- Ал сендер әнұранды білесіңдер ме?
- Жақсы енді жаңа сабаққа кірісейік.(үнтаспадан әнұран орындалады, барлық оқушылар түрегеліп, қолдарын жүрек жағына қояды)
- Балалар, бұл тыңдағанымыз қандай ән?
- Әрине әнұран, әнұранды сендер естігенде сендер түрегелдіңдер қолдарыңды жүректің тұсына қойдыңдар. (Дұрыс әдемі тұрдыңдар)
- Балалар, осы әнұранды естігенде қандай сезімде болдыңдар?
(Күш - қуаттарыңыз көтеріліп, патриоттық сезім пайда болды ма?
- Жақсы.
6. Талдау Әнұранды балалар үлкен, салтанатты жиындарда, мейрамдарда орындалады.
Мемлекеттік әнұранның әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов. Н. Назарбаев.
Оқулықта берілген өлеңде «Әнұран» деп аталады, бірақ оның авторы (Өтепберген Ақыпбергенұлы) бұл өлеңде әнұраннан алған әсерін бейнелеп жазған.
- Қане, мен сендерге оқып берейін, оқулықтағы өлеңді, тыңдаймыз.
- Іштей оқу. Әр топтан бір - бір баладан тұтас оқыту.
- Жақсы, орындарыңа отырыңдар.
7.«Түртіп алу»
- Ақын әнұран туралы қандай сөздер айтқан?
- Сендерге бұл өлеңде таныс емес сөздер бар ма?(Зор рух, маздар бойда мол үміт, оттай жанып жанарым)
- Балалар, әнұран деген сөзде неше буын бар? Оларды ата.
8. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын жазамыз, Ә ә үлкен және кіші әріптерін жазамыз. Әнұран сөзін жазамыз.
- Қараңдар сиқырлы гүл аланда! Гүлдің ортасына қандай сөз жазылған?
«Буындар» деп жазылған. Яғни күлтешелерінде буындар берілген, сол буындардан сөз құрау керек.
(Гүлдің күлтешесіне жазуға әр топтан 3 оқушы шығарамын)
Ойлап, тап. Оқулықпен жұмыс. 87 - жаттығуды орындаймыз. кейін 88 - жаттығу.
9. Қорытындылау.
- Балалар, сабақ ұнады ма?
- Біздер бүгін не істедік сабақта?
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші қазір біздер қай топ жеңгенін анықтаймыз.
Бағалау парағына назар аударамыз. Кім қандай бағаға ие болды екен.
10. Үйге тапсырма: «Әнұран» өлеңін мәнерлеп оқу. 4 буынды сөз құрап келу.
Әнұран. Буын
Сабақтың тақырыбы: Әнұран. Буын.
2024年3月5日674 浏览

#әнұран#қазақ тілі#буын#бастауыштарға арналған
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
5 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
25 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
25 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

