Ақ отауы - болашақтың бағы шын
Ұясынан ұшып барады бір құсы
Келешекке ой көзімен үңіліп,
Жастық жүзден сезімі асқақ білініп,
Бақытының кілті сонда екенін
Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып,
Сол мақсаттың баян жолын арман ғып,
Екі елді мың жылдыққа жалғантып,
Өзі туып - өскен бүгін әулетке
Той қылдырып, әрі тағы толғантып,
Ұясынан ұшып барады бір құсы.
Апарар деп арманға асқақ жаңа күн,
Бақытына тігіп нәркес жанарын,
Ұшып барады бұл әулеттің бір құсы.
Аққуы еді ардақ тұтар әкенің,
Қызығы еді әлпештеген ананың.
Енді бүгін бақытына ұмтылды,
Асыға да күткендей - ақ бұл күнді.
Содан ба екен талай жүрек толқыды,
Жанарларға шаттықты жас іркілді.
Бақытын да тілеуші еді үнемі,
Аунап түсті бауырлардың жүрегі.
Сондықтан да тілектес боп олар да
Осы әулеттің ұзатылған гүліне
Бақыт жолда баянды бақ тіледі.
Бұл әулеттің тәлімін де сезесің,
Сыйлаушы еді ардақты ата - әжесін.
Сол ата - әже бата берді өз қызына,
Дегендей - ақ бір отауға егесің.
Бабалар мен аталардың әруағы
Деді әрдайым ұлы өмірде жебесін.
Ұзатылып бара жатқан бақ жолың
Бақыт нұрға деді әр кез бөлесін!
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Ақ отауы - болашақтың бағы шын
Ақ отауы - болашақтың бағы шын
2024年3月5日558 浏览

#өлең шумақтары#ақ отауы болашақтың бағы шын
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
9 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
29 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
29 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

