Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Ақылды лақ (қуыршақ театры)
Мақсаты: əртүрлі дауыс күшін қолдана отырып, кейіпкердің бейнесін бере білуді, өз əрекетін серіктесінің əрекетімен сəйкестендіре отырып, түрлі ырғақта
қозғалуды қалыптастыру, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын қолдану; тапқырлыққа, шыдамдылыққа тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Ақылды лақ» ертегісін оқу, театр материалдарын жинақтау, үй жануарлары жайлы өлең оқу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), қуыршақ
театры, талдан жасалған қора, қуыршақ кішкентай лақ, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: тоқты, бұлақ, лақ, бəйтерек.
Билингвальді компонент: лақ - козлёнок, ертегі - сказка, бұзау - телёнок.
ҰОҚ кезеңдері
Педагогтің басқару іс - əрекеті Балалардың іс - əрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
- Сəлеметсіңдер ме, балалар! Қандай керемет таң! Бір - бірімізді көңілді əрі
қуанышпен құттықтау үшін мен сендерді шаттық шеңберіне
шақырамын. Өйткені біздің шеңберімізге əрқашанда нағыз, шынайы достар жиналады.
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Жақсылық сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық əлемді,
Əлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз!
- Сəлеметсіңдер ме, достарым!
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, сендер естідіңдер ме, балабақшада «Ең үздік актёрлер»театры ашылды. Ерден атай сендерді сол театрға шақырып келіпті. Бұл байқауда театр қойылымдарына қатысуға мүмкіндік бар. Əркім өзін режиссёр, актёр, сценарийші рөлінде байқап көреді. Ендеше осы өнерді біздің бүгінгі сайыскерлеріміз
қаншалықты көрсете алар екен. Балалар, театрда өнер көрсету үшін алдымен дайындалып алайық.
Айарудың тапсырмалары.
- Суреттерге қара. Театрда қуыршақтарды кім қимылға келтіреді? Олардың қызметі жайлы əңгімеле. Қуыршақтарды қимылға келтіретін
актерлерді қуыршақ ойнатушы деп атайды. Қуыршақ ойнатушы
қуыршақтарды перденің сыртында тұрып басқарады. Сондықтан біз
оларды көрмейміз. Қуыршақтар отырады, жатады, екі жаққа еңкейеді, қол шапалақтайды, жылдам əрі баяу жүре алады. Екі қуыршақ кездесіп, біреуі сөйлеп
тұрғанда, тыңдайтын қуыршақ қозғалмайды, сонда көрермен қай қуыршақтың сөйлеп тұрғанын түсінеді.
Ойын: «Зейінді тыңда».
Балалар қуанған көңіл күйлерін білдіреді. Балалар театрды көруге қызығушылық танытады. Балалар дəптердегі суреттерге
қарап, қимылға келтіретін актерлер туралы тыңдайды.
Балалар шеңберге тұрып, қолдарын созады. Педагог «1, 2, 3» деген кезде
барлығы бір уақытта аяқтарын тарсылдатуға тиісті. Педагог бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, ал балалар естіген дыбыстарын қолдарымен
шапалақтап қайталауы керек.
Ойын: «Менің көңіл күйім».
- Балалар, сендердің көңіл күйлерің қандай? Ендеше, осы жақсы көңіл
күйлеріңді көрсетіңдерші. Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде?
Қорыққанда?
Қуанғанда?
Таңғалғанда?
«Ақылды лақ» ертегісін естеріне
түсіреді.
- Ел көшкенде қандай төлдер қалып
қойды?
- Ертегідегі лақ қандай?
Сөздік жұмыс: тоқты, бұлақ, лақ,
бəйтерек.
Билингвальді компонент:
лақ – козлёнок
ертегі - сказка
бұзау - телёнок
- Балалар, бізге Айару кішкентай
лақ алып келіпті. Лақты __________қолымызға
алып, мейірімді сөздер айтайықшы.
Мейірімді сөздерді əртүрлі екпінде
айту керек екенін естеріне салады
(ақырын, дауыстап, сыбырлап).
1 - тапсырма. Театрда қуыршақтарды
кім қимылға келтіреді? Олардың
қызметі жайлы əңгімеле.
Балалар ойынға қызығушылық
танытады. Педагогтің тапсырмаларын орындап, бір уақытта аяқтарын тарсылдатады. Естіген дыбыстарды санап, сонша рет қол шапалақтайды.
Балалар ым - ишара арқылы əртүрлі көңіл күйді көрсетеді. Балалар ертегіні естеріне
түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Сөздерді қайталайды. Балалар лақты қолдарына
алып, қызықтайды. Мейрімді сөздерді əртүрлі екпінде айтып үйренеді:
- Менің шұнақ лағым!
- Менің секіргіш лағым!
- Менің сүйкімді лағым!
2 - тапсырма. Жаңылтпашты жаңылыспай айт.
Қара ала лақ, қара ала лақ,
Қара ала лағым қорада бірақ.
3 - тапсырма. Үй жануарларының төлін ата. Олардың дауысын сал, қимылын, жүрісін көрсет. Педагог «Ақылды лақ» ертегісін қуыршақ театрымен сахналауға,
рөлдерге бөлініп ойнауға шақырады. Қуыршақ театрында өзін ұстау
ережесін естеріне түсіруді ұсынады. Педагог сандықтың ішіндегі текшелерді таңдап алуларын ұсынады. Жаңылтпашты қайталайды. Суретке қарап, жануарлардың төлдерін атайды жəне олардың дауысын салуға, қимыл -
жүрісін көрсетуге тырысады. Балалар рөлдерге бөліну үшін сандықтың ішіндегі
текшелерді алады, ондағы кейіпкерлердің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
- Балалар, бүгінгі театрдан қандай əсер алдыңдар, сендерге ұнады ма?
Ерден атай балаларға өздерінің оқу қызметіндегі жұмысын бағалауын
ұсынады.
1. Ұнады - жасыл қоржынды
таңдайды.
2. Ұнамады - қызыл қоржынды
таңдайды.
Педагогтің сұрақтарына жауап
береді.
Тапсырманы орындайды.
Алған əсерлерін қоржындарды таңдап білдіреді.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: жан - жануарлардың жəне олардың төлдерінің дыбысын салып, қимыл -
əрекеттерін қайталайды;
түсінеді: қуыршақ театры түрлерін ажырата біледі;
қолданады: қуыршақтарды қимылдатуда түрлі əдістерді қолданады.
ШҚО, Аягөз ауданы,
Ақтоғай кенті №3 Ақтоғай бала бақша - бөбекжайы
Тәрбиеші: Рузьева Гулнур Курманжанкызы
Ақылды лақ (қуыршақ театры)
Білім беру саласы: Коммуникация, Əлеумет
2024年3月5日460 浏览

#ақылды лақ#Қуыршақ театры#балабақшаға арналған сабақ жоспары#тетрландырылған қойылым
推荐阅读
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
16 分钟前
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
16 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

