Тақырыбы: «Ақынмен сырласу»
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған поэзиялық кеш өткізу. Ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, шығармашылыққа баулу. Отаншылдыққа, туған жердің қадірін ұғынуға, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби кеш
Көрнекілігі: Залды безендіру, Мақатаев портреті, слайд
БАРЫСЫ:
Ашылуы: Сахна жабық. Домбырада баяу күй ойнап тұр. Домбырамен ілесе сахна ішінен:
Менен сәлем дегейсің сұрағанға,
Сұрағайсың, үй іші дін аман ба?
Өмір кешіп жатыр де ол өзінше,
Тірлік керек, әрине, тірі адамға.
1 - жүргізуші.
- Кеш жарық, құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық.
Мұқағали өр ақын, қыран ақын,
Артында қалдырған көп ұлағатын.
Хан тәңірдің ерке өскен мұзбалағы,
Өшпек емес өмірден бірақ атың.
Бүгін біздер ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ағамыздың туған күн кешіне арналған жыр кешіне жиналып отырмыз. Енді Мұқағали ағамыздың жырын жатқа оқитын оқушыларға кезек берейік.
Ортаға 10/а/- сынып оқушысы............................................ шақырамыз
«Менің мақсатым»
Ортада 7/б/- сынып оқушысы --------------------------- «Халыққа хат»
Ортада 8/б/- сынып оқушысы --------------------------- «Жырласам ба екен»
2 - жүргізуші:
- Алай - дүлей сезім буырқаныстары шарпысын, күрделі, соқталы бір әуеннің ұшпа бұлттары аспанда қалықтады. «Сәлемдеме» әнінің аңызақ желі тұрып, ағаш басын қатты - қатты шайқай береді. Сағыныш, хал - ахуал сұрау, ағайындық ақжарма наз, достық ниет қан тамырда бүлкілдейді.
Дегейсің болашағы қамығып жүр,
Болмаса барлығы да табылып жүр.
Құлын - тайдай тең өскен құрбыларын,
Дегейсің сағынып жүр, сағынып жүр.
1 жүргізуші:
Хан тәңірі ақынның
Биіктігі сияқты.
Таудың тарпаң мінезі,
Жігіттігі сияқты.
Мөлдір бұлақ арының,
Сарқылмайтын сияқты.
Таудан көшкен көшкін қар,
Өте қысқа жаралған,
Өмір жасы сияқты.
Келесі кезекті тағыда жыр жолдарына береміз
Ортаға «Пушкинмен қоштасу» өлеңімен ----------- шақырамыз.
Ортада 8/ә/- сынып оқушысы -------------- «Қызық өмір»
Ортада 8/б/- сынып оқушысы ---------------------- «Өлеңдеген тумайды жайшылықта»
Ортада 9/а/ сынып оқушысы ---------------- «Музаға»
2 - жүргізуші: Бір оғын да далаға жібермейтін сұрмергендер сияқты ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ. Шебер тіл, шегенделген ой құс қанатты қиял көзіне табындырып қояды. Оның оттай ыстық өлеңдері өз - өзінен әнге, толғауға, термеге сұранып тұр.
Қарсы алмаса,
Құрысын, қарсы алмағын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір
Жатсын ұйып, жапанда дел - сал далам.
1 - жүргізуші:
Ақын жүрек елжіреп, езіліп, елегізиді, бәрі - бәрін бауырына басып, құшқысы келеді. Сағыныш, қимастық сыңғырлаған сыр ғой бұл дегенің.
Армандайды дегейсің, қиялдайды,
Қайда барса, бір басы сия алмайды.
Сендер оны ұмытып кетсеңдер де,
Дегейсің сендерді ол қия алмайды.
Ортаға «Жаным сен жасымағын» өлеңімен 9/б/- сынып оқушысы --------------- шақырамыз.
Ортаға «Ақ қыздар арым таза алдарыңда» және «Қыздарға» өлеңімен 8/б/- сынып оқушысы --------------- шақырамыз.
Ортада 9/а/ сынып оқушысы ---------------- «Ғашықпын» өлеңімен
1 - жүргізуші:
Қай жырына көз жүгіртсең де бей - жай оқи алмайсың, көңіл қобалжиды. Ақын көкірегінің күрсінісі көзге жас үйірілтті, домбыра шанағына мұңайыс дірілі қамалып, амалсыз сыртқа шықты.
Туған жер сағындырды, келді есіме
Өзім енді кепіл оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім
Таңылдым емхананың бөлмесіне.
2 - жүргізуші:
Мұқағали ақын 1931 жылы 9 - ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, әжесі Тиіннің тәрбиесінде болады. Ол қазақ радиосында диктор болып жұмыс жасайды, түрлі газет - журналдарда қызмет атқарады.
О, дәурен, неткен ғажап сүйікті еді,
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған оңашада биіктегі
Жататын таңғы самал сүйіп мені, - деп, туған өлке көркін, табиғи көрмесіндей таулы аймақты аузынан тастамайды. Қозы қайырып, көбелек қуып өскен өз ауыл – аймағын алға тартады, тамаша өңірдің құлпырмалы бел - белесін айтады.
Ән: «Саржайлау» әні орындайды.
1 - жүргізуші:
Ақынды ақын оятпаса болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы.
Ақынды ақын сүйемесе болмайды,
Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Ақын деген лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту - серті екен.
Келесі кезекті мектебіміздің жас ақындарына береміз.
2 - жүргізуші:
- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар! Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 жыл. ы жазылған Мұқағали ағамыз өз күнделігінде осылай деген екен. Енді күнделіктен үзінді тыңдап көрейік
«Мұқағали күнделігінен үзінді» оқылады.
1 - жүргізуші:
«Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын. Бірақ өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеткем. Ол сендерді асырайды, туған жерім Қарасаздың да атын әлемге жаяды.» деп қалай дәл айтқан.
Білемін керемет бір күн күледі,
Жайнайды, жасыл бағым, гүлденеді.
Көремін, керемет бір күн кешемін,
Болашағым, сенімен бірге өсемін.
Хантәңіріне айналған Мұқағали ақын ағамыз біздің мәңгі жадымызда сақталып қала береді. Қарасазымен мәңгі жасайды!
Ақынмен сырласу
Тақырыбы: «Ақынмен сырласу»
2024年3月5日738 浏览

#қазақ әдебиеті#сыныптан тыс шара#ақынмен сырласу#мұқағали мақатаев кеш сценарийі
推荐阅读
伊朗宣布取消与美国和平协议
伊朗外交部副部长卡泽姆·加里巴巴迪称,因美国违反承诺并恢复军事行动,伊朗与美国签署的谅解备忘录已被取消。该备忘录于6月18日签署,规定立即停火并解封霍尔木兹海峡。美国7月13日通知国会恢复作战,14日凌晨发动打击,持续五小时,目标为伊朗军事基础设施。伊朗反击,袭击了美国在巴林、科威特和约旦的基地,并击伤阿联酋油轮。来源:infohub.kz
24 分钟前
别墅不再是种土豆:哈萨克斯坦六分地多少钱?
哈萨克斯坦别墅市场分析:从种土豆到郊外住宅。阿拉木图、阿斯塔纳和科纳耶夫的六分地价格、需求、问题及专家预测。详实数据与建议。
24 分钟前
追求完美睡眠反而让你失去休息:八小时并非通用标准
您是否被八小时睡眠标准困扰?完美睡眠强迫症让你失去休息。科学解析昼夜节律与睡眠需求。阿尔马兹·沙尔曼建议:停止追求完美,尊重生物钟,告别焦虑。本文探讨八小时并非通用标准的原因,分析完美睡眠强迫症的危害,介绍科学原理和实用建议。告别睡眠焦虑,拥抱自然节律。来自infohub.kz的深度报道。
44 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

