Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ар - намысым, мақтанышым – Желтоқсан.
Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру. Отанды қорғауға, елін құрметтеуге, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, кітаптар, үнтаспалар.
Әдісі: Сахналық көрініс. тарихи дәйектемелер, әдемі - музыкалық монтаж, ән - жыр.
Барысы:
Үнтаспадан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ойналып тұрады. Күбірлеген күй даусы естіледі. Ортаға екі бастауышы шығады.
Таңірберген: Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да
Еліме тәуелсіздік келіп жетті
Мың жылдық күрестердің арқасында
Аружан: Жаңғырды халқымыздың мың өшкені
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері
Ел үшін мәңгілікке жалғасады
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің Тарихы халық жанын терең ойлаған Желтоқсан оқиғасы ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы – тәуелсіздіктің киесі.
Арита: Желтоқсан желі Алматыда өрімдей қазақ жастары көтеріліске шықты. Өз ұлтын сүю – ұлтшылдық емес. Сонау замандарда ел қорғаған батыр бабаларымыз, қара қылды қақ жарған әділ билеріміз артында өшпес ерлік, даналық сөздер қалдырған.
Үш би
Дулат: Қаз дауысты Қазбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз
Жау аяғына басылмаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Мұхамедали: Төле би: Бір үйдің баласы болма
Көп үйдің санасы бол
Бір үйдің атасы болма
Бір елдің данасы бол.
Есенбек: Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдан тисін
Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін
Бай болып еліңе пайдаң тимесе
Батыр болып жауыңа найзаң тимесе
Елден бөлек үйің күйсін.
Ән: « Желтоқсан желі»
Көрініс: Қайраттың қамауға алынуы ( Үш оқушы ортаға шығады. Қалған оқушылар алаңға шеруге шығады.)
Қайрат: Мен қазақпын.
Автор; Өз ойларын алаңға шығып айтуға бет бұрды.
Ләззат: Біз қазақпыз қазақ елі жасасын!
Милиционер; кімдер көше кезіп жүрген атыңдар!
Автор; көшеде жүрген Ләззатты соққыға жығып, Қайратты қамауға алып кетеді.
Тергеуші: Сен мойындайсың ба, жоқ па?
Қайрат: Жоқ мен ешкімге ұрынғам жоқ, тиіспеңдер маған.
Тергеуші: кісі өліміне қатысың бар.
Автор: Қайратты соғып тағы қамауға алып кетеді. Әбден шаршаған Қайрат әке - шешесін ойлап, ақ парақшаға қол қояды.
Қайрат: Қазақ деген атым бар.
Жиырма бірде жасым бар.
Қазақ деген қаным бар
Қош аман бол! –
Ернат: Желтоқсан айын естісең
Дауыл боп бұрқып ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Альбина: Жас арудың жанарында – Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қарлы өмір қайыстырған халқының
Қар тұман қабағында – Желтоқсан.
Тәуелсіздік шежіресі:
1991жыл 16 - желтоқсан. ҚР - Конституциялық заң қабылданды
1992жыл ҚР - Елтаңбасы Әнұраны Туы туралы заң қабылданды.
1993жыл Еліміздің бірінші Конституциясы қабылданды
1996жыл Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997жыл Тіл туралы Заң қабылданды. Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1998жыл Президент жарлығымен Ақмола Астана қаласы болып өзгертілді.
1999жыл Қазақ жерінде санақ жүргізілді.
2001жыл Тәуелсіздік Қазақстан Республикасына - 10 жыл толды.
Ән «Қарабауыр қасқалдақ»
Гүлсім: Бабалар арманы, балалар үміті үзілген жоқ. Бірлігі мол, берекесі мол ел болуды армандаған. Кешегі Ахмет, Мағжан, Шәкәрім, Міржақып, Сәкен, Бейімбет ақындарымыз маңдайымызға сыйғыза алмадық.
Би «Ақ көгершін»
Ән «Елім - ай»
Ар - намысым, мақтанышым – Желтоқсан
Тақырыбы: Ар - намысым, мақтанышым – Желтоқсан.
2024年3月5日639 浏览

#ләззат#қайрат рысқұлбеков#тәрбие сағаты#1986 жылғы көтеріліс#ар намысым#мақтанышым желтоқсан
推荐阅读
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
12 分钟前
齐达内将执教法国队,接替德尚
据转会专家罗马诺透露,传奇球星齐达内将接替德尚成为法国队新主帅。德尚在2026世界杯半决赛输给西班牙后离任,结束自2012年起的执教。齐达内曾率皇马连续三年夺得欧冠,自2021年离任后一直赋闲。他上一次为法国队出场是2006年世界杯决赛,头撞马特拉齐被罚下。官方声明将在法国队最后一场比赛后发布。
32 分钟前
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

