Астананың Есіл ауданында Е-871 көшесіндегі төрт қабатты салынып жатқан ғимараттың шатырында өрт шықты. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде шатырдың ашық жануы және қою қара түтін байқалған. Құтқарушылар дереу өрт сөндіру жеңдерін қосып, өртті толық жою үшін барлық шараларды қолдануда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ дерегінше, сағат 18:07-де өрт толығымен сөндірілген. Өрт ауданы 150 шаршы метрді құраған.