Сабақтың тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ата - бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік сөздердің құдіретін таныту, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерінің мағынасын ашу.
Дамытушылық: оқушыларға шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті де, білімді, ой – қиялы ұшқыр, ақылды, парасатты тапқыр болуға баулу.
Тәрбиелік: Шешендік сөздер арқылы оқушыларды атадан қалған сыйластық, инабаттылық достық, жолдастық сияқты асыл мұраларды үйренуге, тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұраққа жауап, сахналық қойылым, шығармашылық ізденіс,
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Төле би, Әйтеке би, Қазбек би суреттері, Шешендік сөздер кітабы, нақыл сөздер.
Сабақтың кезеңдер:
1. Амандасу
2. Шаттық шеңбер
3. Топқа бөлу
4. Сұрақ - жауап
5. Ой дерек:
6. Шығармашылық жұмыс
7. Сұрақтар. Өлең жолын жалғастыру.
8. Шешендіктің тағы бір тармағы - мақал - мәтелдер.
9. Нақыл сөз - ақыл сөздерге
Амандасу. Сынып ішін ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Шаттық шеңбері. Балалар бір – бірімен қолдарынан ұстап, шеңбер құрап тұрады, бір - бірімен, сәлемдеседі.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз?
- Бір - біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар.
Енді бір - бірлеріңе жақсы тілектер айтамыз.
Топқа бөлу
Мұғалім: - Балалар, Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас,- деген
Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсың? (Сөз өнері, шешендік туралы)
Кіріспе сөз: Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды демекші біздерге сонау – сонау замандардан бері. Ата – бабаларымыздан қалған мол мұралар бар. Олар нелер десек
• Ескірмейтін есті сөздер.
• Мақал – мәтелдер
• Нақыл - ақыл сөздер
• Шешендік сөздер болып табылады.
Сұрақ - жауап «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады»
1. Шешендік дегеніміз не?(тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған үлгілі ойлар, тұжырымдар) Шешендік сөз – дүйім жұртын аузына қаратып асыл сөздің өрнегі. Шешендік сөздер – ауызекі айтылу арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бізге дейін келе жатқан өнер. Ел арасындағы шешілмейтін дау – дамайды бір ауыз сөзбен аса шеберлікпен шешіп берген би ерекше қадірлейтін шешендеріміз Жиренше, Қарашаш, Төлеби, Әйтеке би т. б. Ел болашағын ойлаған от ауызды, орақ тілді шешендерімізден қалған асыл мұрамыз.
2. Қазақ елінің атақты билерін атайық?
Үш би, Саққұлақ би, Бапан би, Сырым би, Байдалы би, Мөңке би.
3. Билерге тән басты қасиетті ата?
(Әділдік, шыншылдық, батырлық, ақындық, шешендік, әдептілік, көріпкелдік, болжай білу)
4. Қазақтың шешендік сөз тарихы кімдердің есімдерімен қалыптасып, өркендей түсті?(Жиренше шешен, Асан қайғы, 14 - 15 ғ)
5. Өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы би, шешендер кімдер? (Шалкиіз, Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат, 15 - 18 ғ)
1. Адамның басшысы – ақыл.
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы – кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)
Ой дерек:
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В. В. Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай - ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин.
Атадан қалған асыл сөз. жүктеу
Атадан қалған асыл сөз
Сабақтың тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
2024年3月5日895 浏览
#шешендік сөздер#әдебиеттен ашық сабақ#атадан қалған асыл сөз
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
13 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
33 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
53 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

