Еліміздің орталық бөлігінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді. Астана қаласынан шығуға да шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап, Tengri Auto хабарлайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлытау облысындағы қозғалыс шектеулері туралы жедел ақпарат
2026 жылғы 10 ақпанда сағат 23:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді:
Жолдың ашылу уақыты шамамен – 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00.
Қарағанды облысындағы қозғалыс шектеулері туралы жедел ақпарат
2026 жылғы 11 ақпанда сағат 00:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектеледі:
Қозғалыстың ашылу уақыты шамамен – 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00.
Жолдың ашылу уақыты шамамен - 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00.
Ақмола облысындағы қозғалыс шектеулері туралы
2026 жылғы 11 ақпанда сағат 01:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Астана – Қорғалжын автожолының 19-124 шақырымы, Астанадан Қорғалжын ауылына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектеледі.
Жолдың ашылу уақыты шамамен - 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00.
Жолдың ашылу уақыты шамамен - 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда сақ болуға шақырған болатын.


