Физика сабағы
Тақырыптың аты: Ауада жүзу.
Дидактикалық мақсаты: физикалық заңдарды білудің практикалық бағытталғандығын зерделеу және оны зерттеу жұмыстары мен есеп шығаруға қолдануға бейімділік қалыптастыру.
Сабаққа дайындық
• Алмастырылмалы стенд: заттардың тығыздығы (кесте); жұмыстың бірінші кезеңіне арналған дұрыс жауаптар.
• Сынып тақтасында: «Физика - 7» оқулығының §52тақырыбының мәтініне 7 сұрақ, жұмыстың үшінші кезеңіне арналған §52«Ауада жүзу».
• Оқушылардың үстелінде: мәтінге сұрақтар (әрбір оқушыға жеке); сабақтың жұмыстық картасы (топқа); топқа тапсырмалық карточкалар және жұмыстың екінші кезеңіне арналған қажетті құралдар мен материалдар (үш әртүрлі вариантқа).
• Жұмыстың екінші кезеңіне арналған карточка - суреттер бойынша тапсырмалардың орындалуын тексеретін экран мен эпидиаскоп.
Үй тапсырмасын тексеру
Өздік жұмыс:
• Сұйыққа батырылған денеге әсер етуші кері итеруші күш тәуелді:
А) Дененің тығыздығына.
Б) Дененің массасына және оның көлеміне.
В) Дененің cұйықтың тығыздығына және дене көлеміне.
• Суға батырылған құрыш шарлардың қайсысына Архимед күші көбірек әсер етеді? Суретте су құйылған ыдыс және диаметрі әртүрлі үш шар: біріншісі - кішкентай, екіншісі - орташа, үшіншісі - үлкен шар.
А) 3.
Б) 2.
В) 1.
Г) барлық жағдайда Архимед күштері бірдей.
• Рычагты таразының ұштарына екі бірдей құрыш шар ілінген. Осы екі шарды әртүрлі сұйықтарға батырса, тепе - теңдік сақтала ма? Суретте екі ыдыс, біреуінде керосин, екіншісінде – су, екі шардың массасының бірдейлігі рычагты таразының тепе - теңдігімен көрсетілген. Сол жақта керосин және шар №1, оң жақта су және шар №2.
А) Жауап беруге мәліметтер жетіспейді.
Б) тепе - теңдік бұзылмайды.
В) Шар №1 шар №2 - ні басып кетеді.
Г) Шар №2 шар №1 - ді басып кетеді.
• Атмосфералық қысымның биіктігін өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
А) Барометр.
Б) Манометр.
В) Альтиметр.
Г) Динамометр.
5. Ауаның қысымы метро станциясының платформасында 756 мм. сын. бағ., ал жер бетінде – 750мм. сын. бағ. болса, онда оның тереңдігі қандай?
А) 600 м.
Б) 150, 6 м.
В) 72 м.
Г) 87 м.
6. Темір қандай сұйықта жүзеді?
А) Суда.
Б) Сынапта.
В) Мұнайда.
Г) Глицеринде.
7. Рычагты таразының ұштарына ілінген екі кірпіш теңгеріліп тұр. Осы екі кірпішті бірдей сұйықтарға толығымен батырса, таразының тепе - теңдігі сақтала ма? Суреттегі екі кірпіш таразыда теңгерілген, біріншісі қырынан, екіншісі – көлденеңінен байланған, олардың астарында екі су құйылған ыдыстар.
А) Біріншісі екіншісін басып кетеді.
Б) Анықтау мүмкін емес.
В) Екінші біріншіні басып кетеді..
Г) Таразы тепе - теңдікте қалады.
8. Өзіндік бағалау нәтижесі
2. Шығармашылық жұмыс.
Тапсырманың үш варианты орындалады: әрбір тапсырма әр топпен жеке орындауға беріледі.
Бірінші тапсырма.
Құралдар мен материалдар: су құйылған стакан, жұмыртқа, тұз, қасық. Стаканға толтырылған су түбінен жұмыртқаны қолмен ұстамай көтеріңіз. Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Екінші тапсырма.
Құралдар мен материалдар: жүк, су, динамометр.
Судағы денеге әсер етуші Архимед күшін анықтаңыздар. Егер судың орнына керосин алмастырылса қандай шамалар (өлшенген немесе есептелген) өзгереді? Суретте бейнеленген: сол жақта болт және суы бар мензурка – 22мл, оң жақта дәл сол мензуркаға болт батырылған, су 47мл бөлікке дейін көтерілген. Болтқа әсер етуші кері итеруші күшті есептеңіздер.
Мұғалімнің критерийі бойынша оқушылар өздеріне баға қояды, топ өз мүшелерінің жұмысындағы әрбір оқушының жекелеген үлестерін де бағалайды:
3. Жаңа материалды зерделеу (топтық жұмыс).
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: жалпы тақырыптағы осы мәселенің алатын маңызды орны; оқылып кеткен материалдармен байланысы.
2. Өздік жұмыс. Оқушылар оқулықтағы §52тақырыпты зерделеу.
3. Мына сұрақтарға жауап дайындау:
- Ауа шарына қандай күштер әсер етеді? Олардың қайсысы басымырақ?
- Ауа шарларына қандай газдар қолданылады? Неліктен?
- Қандай жағдайда ауа шары ілініп тұрады?
- Ауа шары не үшін қолданылады?
- Ауа шарының көтеру күшін қалай есептейді?
- Ыстық ауамен толтырылған ауа шарын қалай көтеруге немесе түсіруге болады?
- Зонд - шар дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
4. Тексеріс. Мұғалім сұрақ нөмірін атайды, жауап беретін топты белгілейді, ал топ кім жауап беретінін анықтайды. Жаппай тапсырма: комментарийға және бағалауға даяр болу керек.
Бұл жұмыста оқушылар өздерін өздері және бірін - бірі бағалайды.
4. Сабақтың қорытындысы. Мұғалім: Біз үй тапсырмасын тексердік, шығармашылық тапсырма орындадық, жаңа материал зерделедік. Сабақ бойы атқарылған өз жұмыстарыңды жалпы бағалаңыздар. Егер сіздер материалды толық түсінсеңіз, оны түсіндіріп айтып бере алсаңыз «бес» бағасына лайықсыз. Егер материалды түсініп, бірақ кейбір жерін айтып беруге әлі сенімсіз болсаңыз, онда «төрт» аласыз. Егер материал нашар игерілсе, онда сіздің бағаңыз «үш».
Нәтижесі: «бес» – 10, «төрт» – 18, «үш» – 1.
• Рефлексия. Мұғалім: Кім өзіне сабақ үшін «бес» қойды? Өзіңізді дұрыс бағалағаныңызға неліктен сенімдісіз? Жұмыста қандай қиыншылықтар болды? Ең күрделі болған не? Не нәрсеге қанағаттандыңыз, неліктен? Не нәрсеге қанағаттанбадыңыз, неліктен?
Ауада жүзу
Тақырыптың аты: Ауада жүзу.
2024年3月5日778 浏览

#архимед күші#ауа шарына қандай күштер әсер етеді#физикалық заңдарды білу#ауа шары
推荐阅读
土耳其法院对以色列总理发出国际逮捕令
伊斯坦布尔高等刑事法院通过国际刑警组织对以色列总理内塔尼亚胡发出国际逮捕令,原因是以色列拦截前往加沙的人道主义船队。土耳其指控包括内塔尼亚胡、国防部长卡茨等35人犯有危害人类罪、种族灭绝罪等重罪,要求终身监禁。以色列否认指控。法院已将其列为特别危险罪犯。此案源于4月公诉,土耳其总统埃尔多安此前威胁内塔尼亚胡将受教训。
25 分钟前
俄罗斯公民非法使用哈萨克斯坦证件:6人被驱逐
据网站infohub.kz报道,东哈萨克斯坦州自今年年初以来已有450人丧失哈萨克斯坦国籍,其中24人未按规定报告获得外国护照,另有7人继续使用哈萨克斯坦证件,最终6名外国人被法院判决驱逐出境。东哈萨克斯坦州警察局提醒相关公民须在30天内通知内务部门并交出证件,违反将承担行政责任。此前一名被驱逐外国人再次被拘留。
25 分钟前
俄罗斯请求哈萨克斯坦协助恢复乌拉尔河
俄罗斯自然资源部副部长与哈萨克斯坦生态部副部长会晤后宣布,两国将联合实施2027-2032年乌拉尔河生态恢复计划,奥伦堡州邀请哈方专家参与,重点包括共享水质数据、建设污水处理设施。此前水文学家表示,调西伯利亚河水至中亚成本极高。谈判将继续进行。该计划旨在改善乌拉尔河生态系统。双方同意加强合作,共同应对水危机。
45 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

