Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы
Мақсаты:
Білімділік: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше ізденіспен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік рухында тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, «Кубизм» стратегиясы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жетондар.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды түгелдеу
- оқушы назарын сабаққа аудару
II Белгілеңіз
Өткен тақырыптарды қайталау
А) Тест тапсырмалары
1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
2. Себеп - салдар салаласты белгілеңіз
3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
4. Кезектес салаластың жалғаулықтарын табыңыз.
5. Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салаласты табыңыз
6. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрі қайсы?
7. Жай сөйлемдегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?
8. Салаластың түрін анықтаңыз
9. Құрамындағы жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысатын салаластың түрі
10. Салаласқұрмалас сөйлемді табыңыз.
Б) Венн диаграммасы
Жалғаулықты: ыңғайлас, қарсылықты, себеп - салдар, кезектес, талғаулы. Жалғаулықсыз: ыңғайластық, қарсылықты, себеп - салдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі.
Салалас құрмалас сөйлемге бір мысал келтірейікші.
III Кіріспе сөз
Қазақ әдебиетінің бес арысы Шәкәрім Құдайбердиев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов сынды ақын - жазушылар білім мен ғылым саласында ерен еңбек еткен. Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік - қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған.
- Олай болса балалар бұл адамдарды неге «Бес арыс» дейді?
(Өйткені бесеуі де елдің мұңын жырлап қараңғы халықты ағартушылыққа бет бұруды көздеген азаматтар болған. Шығармаларын ағартушылыққа арнаған ақын - жазушылар. Бірақ өз ойын, мақсатын соңына дейін жеткізе алмай арманда кеткен арыстар.
Қазақта ер азаматтың дүниеден ерте өткенін «арысым - ай» деп жоқтаған. Бұлардың барлығы дүниеден ерте кеткен азаматтар. Сондықтан арыс деген сөздің мағынасы кең, терең болған.)
IV Баяндаңыз
Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің тақырыбымыз осы бес арыстың біреуі – Ахмет Байтұрсынұлы туралы болмақ
Балалар, сендер не білесіңдер
Ахмед Байтұрсынұлы туралы?
Ахмет Байтұрсынұлы 1873жылы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы) Аққөл ауылында дүниеге келді.
Ахмет - ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Хронологиялық кесте..
1882 - 84жылдары ауыл мектебінде оқыды
1890ж. Торғайдағы екі кластық, орыс - қазақ училищесін бітірді.
1895ж Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген
1895 - 1909ж Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс - қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады
1909ж патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910ж. жер аударылады
1913ж Орынборда «Қазақ»газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
1918 - 19ж Алашорда қатарында болады.
1922 - 25ж Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары
1925 - 29ж Халық ағарту институтында және ҚазПИ - де оқытушы болды.
1929ж маусымда қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
М. Горькийдің зайыбы Пешкованың қолдаухатымен Ахметті босатады. Сол кезде, ол жанұясымен Алматыға қайта оралады.
1937ж қазан айында А. Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынады, екі айдан соң «халық жауы»деп, атылды
V Зерттеңіз
Пысықтауға арналған жаттығулар
Олай болса, оқулықтағы 1 - тапсырмаға назар аударайық.
Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындайық.
3 - деңгей
- 10 сұрақ дайындау
- орысшаға аудару
- 2 құрмалас сөйлем дайындау
2 - деңгей
- Тірек - сызба құрастыру
- жоспар жасау
1 - деңгейдегі тапсырманы үйде орындаймыз
VI Саралаңыз
Яғни бүгінгі сабағымызды пысықтайық, сонымен
1. Ахмет - аудармашы
(түсінік беру)
2 Ахмет - ақын
(түсінік беру)
3. Ахмет - тілші
(түсінік беру)
4. Ахмет - мұғалім
(Түсінік беру)
VII Белгілеңіз
3 - тапсырма
Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазып, қай септікте екенін анықтаңдар.
Құралдарының, мектебіне, мектепті, Орынборға, мектепке, оқуға, Қарқаралыда, балаларға, әдебиетпен.
2 - тапсырма
Өз бетінше орындау
Сабақты қорытындылау
Сабағымызды мен Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезовтің сөзімен қорытындылағым келіп отыр.
Олай болса біз де Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне деген зор еңбегін ұмытпайық.
Үйге тапсырма:
Эссе: Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілі емлесінің реформаторы
Ахмет Байтұрсынұлы
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы
2024年3月5日1103 浏览

#байтұрсынов#ахмет байтұрсынұлы ашық сабақ#қазақ әдебиетінен сабақ жоспарлар
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
22 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
22 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

