Сыныбы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
Авторы: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай.
Баспа: Алматы, «Атамұра»- 2005
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары».
Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен, шығармашылығымен танысады. Мысалдардың мазмұнымен танысады, талдау жасайды, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Мысалдардың мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді, өмірмен байланыстырады,
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс - әрекеттерін талдайды;
3. Топтық міндет: Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір - бірін тыңдайды, достық сезімдері, бір - біріне сыйластық сезімдері артады.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын оқып - үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: «ДЖИГСО - 1», «Бір айналым сөйлесу», «Галереяны шарлау», «Еркін жазу».
Сабақтың көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындалған презентация, суреттер топтамасы
Бағалау: ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттеріне қарай бағаланады.
Сабақтың құрылымы:
I Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды II топқа бөлу.
«Ой қозғау» әдісі Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейне көрініс көрсетіледі.
Оқушылар бейне көріністің Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналғандығын айтады.
«Галереяны шарлау» әдісі Сынып бөлмесіне Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш дайындалады. Оқушылар топтасып Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша өздеріне таныс емес деректерді жазып алады, топ оқушылары бір - біріне дайындаған мағлұматтарды таныстырады. (Оқушыларға уақыт беріледі, әр топтан 2 оқушыдан шығып дайындаған жұмыстарын қорғайды)
Өздеріне ұнаған мысалының мазмұны бойынша көрініс көрсетеді.
II Мағынаны тану
1. Оқушылардың Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтқандарын толықтыру мақсатында слайд материалдары көрсетіледі.
2. «ДЖИГСО - 1» әдісі Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарының мазмұнымен танысу үшін екі топқа мысалдарының мазмұны таратылады. Мысалдарының мазмұнына қарай топ оқушылары бірінің ойын бірі жалғайды, өзара пікір алмаса отырып, толықтырады.
I топ «Өгіз бен Бақа»
II топ «Егіннің бастары»
3. Шығармашылық жұмыс I топ Мысал өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыру, тәрбиелік мәнін анықтау
Күнәсін күндегеннің жаман қатты,
Күндей ме біреуге алла берген бақты?!
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зарланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты.
II топ «Егіннің бастары» мысал өлеңінің мазмұнына байланысты сурет салу.
4. «Еркін жазу» әдісі
I топ «Егіннің бастары» мысалы бойынша бір шумақ өлең немесе шағын әңгіме жазу.
II топ «Өгіз бен бақа» мысалының мазмұнына байланысты мақал - мәтелдер жазу.
III Ой толғаныс «Бір айналым сөйлесу» әдісі
- Балалар, сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік?
- Шығарманың сіздер үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
Топ оқушылары бірлесіп бүгінгі сабақта үйренгендерін қағаз бетіне түсіреді, топ мүшесі қорғайды.
IV Үйге тапсырма беру:
1. Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері туралы қосымша деректер жинау.
2. «Өгіз бен Бақа», «Егіннің бастары» мысалдарын мәнерлеп оқып, ұнаған мысал өлеңі бойынша көрініс дайындау.
V Бағалау
Сынып оқушылары сабақтың бөлімдері бойынша бағаланады, белсене қатысқан топ мүшелері мадақталады.
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Пәні: қазақ әдебиеті
2024年3月5日1326 浏览

#ахмет байтұрсынұлы#егіннің бастары#өгіз бен бақа#қазақ әдебиеті#5 сынып
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
14 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
34 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
54 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

