Астана қаласы,
№10 «Бөбек» балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі:
Аяпбергенова Ботакөз Сагындыковна
Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде және «Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, ғылымда да, білім беруде де орыс тіліндей болып қолданылуы үшін қолдан келетіннің бәрін істеу керек»- деген елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымдамасы бар.
Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламаларында жүзеге асырылады. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді болып табылады. Ойын мен көрнекілік — балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.
2. Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Балаларды қазақ тілінде сөйлеуге қарым - қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез - келген ойынды өткізу үшін алдын - ала жоспар құрып алуы қажет. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3. Ойынның ойналу түрі, топ болып ойнау.
4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау
6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен баланың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық ( ересек, ортаңғы) топтарда қолданылады.
Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс - әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз топ ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қолданған жөн. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
1. Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс - аяқ»
«Ойыншықтар» т. б.)
2. Үйде кім жоқ? (тақырып: «Отбасы мүшелері»)
3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді. Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады, немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)
4. Снежный ком.(Балаларға сөздерді жаттатып отырып, бір сөзден төрт сөзге дейін жаттатып, үйрету, лексиканы үйрету кезіндегі барлық тақырыптарда қолдануға келеді.)
5. Не жоқ? (тақырыптар: «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т. б.)
6. Кімнің дауысы? («Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құсары!»тақырыптарға қолдануға болады. Үнтаспадан тыңдату немесе бір бала тақтаға шығып теріс қарап тұрады, мұғалім келесі бір баланы шақыртып («Үй жануарлары, Жабайы аңдар, Үй құсары!» дауысын айтуды сұрайды, бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол жануардың суретін көрсетеді)
7. Үстелде не жоқ? т. б. («Оқу құралдары», «Азық – түлік», «Киімдер» т. б.)
Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан - жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар балалардың танымын, ақыл – ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және бүлдіршіндердің зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез-құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір - біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады.
Сондықтан бағдарлама бойынша ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде ойын түрлерін үнемі пайдаланып отыру керек.
Қорыта келгенде, Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті кезінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, балалардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын артыру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже
1. Әр баланың шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Баланың жеке қабілеті анықталады
4. Бала топ жаруға ұмтылады.
5. Баланың ойлау қабілеті дамиды
6. Әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз. Жоспар бойынша мерекелік
іс – шараларға өлеңдер, әндер жаттап, түрлі ойындар үйренеді. Бірақ, соның ішінде бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін – бұл ертегілер әлемі.
Ертегілер балаларды білгір, батыл, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болуына ықпал етеді. Ертегілер немесе шағын көріністер бойынша қойылым көрсету үшін алдымен жүйелі түрде дайындық жұмыстарын түсіндіреміз. Содан кейін балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлерін таңдап алады. Сонда ғана әр балаға олардың сөздерін қайталатып, жатқа үйретеміз. Ал, ертегіні сахналаған кезде балалар өздерінің қалаған кейіпкерлерінің сөзін жатқа айта отырып, мінез – құлқын, іс – әрекетін көрсетуге тырысады. Ертегі арқылы баланы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге болады.
Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.
Балабақшада қазақ тілін үйретудің тиімді жолдары
№10 «Бөбек» балабақшасының
2024年3月5日803 浏览

#баяндама#балабақшаға арналған ойын#балабақшада қазақ тілін үйрету
推荐阅读
俄罗斯公民非法使用哈萨克斯坦证件:6人被驱逐
据网站infohub.kz报道,东哈萨克斯坦州自今年年初以来已有450人丧失哈萨克斯坦国籍,其中24人未按规定报告获得外国护照,另有7人继续使用哈萨克斯坦证件,最终6名外国人被法院判决驱逐出境。东哈萨克斯坦州警察局提醒相关公民须在30天内通知内务部门并交出证件,违反将承担行政责任。此前一名被驱逐外国人再次被拘留。
40 分钟前
土耳其法院对以色列总理发出国际逮捕令
伊斯坦布尔高等刑事法院通过国际刑警组织对以色列总理内塔尼亚胡发出国际逮捕令,原因是以色列拦截前往加沙的人道主义船队。土耳其指控包括内塔尼亚胡、国防部长卡茨等35人犯有危害人类罪、种族灭绝罪等重罪,要求终身监禁。以色列否认指控。法院已将其列为特别危险罪犯。此案源于4月公诉,土耳其总统埃尔多安此前威胁内塔尼亚胡将受教训。
40 分钟前
俄罗斯请求哈萨克斯坦协助恢复乌拉尔河
俄罗斯自然资源部副部长与哈萨克斯坦生态部副部长会晤后宣布,两国将联合实施2027-2032年乌拉尔河生态恢复计划,奥伦堡州邀请哈方专家参与,重点包括共享水质数据、建设污水处理设施。此前水文学家表示,调西伯利亚河水至中亚成本极高。谈判将继续进行。该计划旨在改善乌拉尔河生态系统。双方同意加强合作,共同应对水危机。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

