Тақырыбы: Балалы үй базар
Мақсаты:
Бесік жыры арқылы бесіктің ерекшелігін, қасиетін, денсаулыққа әсерін және оның жасалуы мен пайдалануын жан - жақты зерттеуге бағыттау;
Міндеттері: а) Оқушылар: «Бесік жыры» тақырыбына негізделіп алынған «Балалы үй базар» атты тәрбие сағаты бесіктің бала тәрбиесіндегі маңызын, оның тұрмыстағы пайдасын, бесіктегі баланы жұбату үшін айтылатын «Бесік жырының» ана мен бала арасында байланысты нығайтатынын ұғады.
ә) Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту
б) оқушылардың салт - дәстүрге деген қызығушылықтарын арттырып, ұлтжандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық. Қане, балалар бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілеп, әр оқушы өзінің атының бірінші әрпінен басталатын бойындағы жақсы қасиеттерімізді айтайық.
Енді балалар, топқа бөліну үшін мына фигураларды таңдайық.
Жарайсыңдар балалар, енді орналасып болсақ тақтаға назар аударайық. Мына суретті көргенде ойларыңа не келеді?
1 - тапсырма: Сурет туралы ойларыңыз
Бесік той
Жаңа туған баланы бесікке салу - ізгі дәстүр. Қазақ оны тойға ұластырады. Баланы бесікке салу тойына әйелдер шашуларын ала келеді. Жас сәбидің тыныш болуы үшін бесікті адыраспанмен аластайды. Ауылдың, әулеттін жасы үлкен, беделді әйелі бесіктің әбзелдерін орын орнына қойып, аластағаннан кейін үстіне «тыштыма» ырымын жасайды. Бесікке бала бөлінгеннен кейін үстіне ырымға сәйкес жеті түрлі нәрсе (көрпе, шапан, тон, жабу, жүген, қамшы тәрізді) жабылады. Бесікке тон, шапан жабу - ержеткенде халықшыл болсын, жүген жабу – тез өсіп ат үстінде ойнақ салсын денені, қамшы жабу – ел қорғайтын ер болсын деген тілек. Үй иесі бесікке салған адамға өз ризашылығымен сақина, жүзік, білезік, сырға, мата тәрізді қымбат бұйымдар сыйлайды. Бесікке салу тойында ән де айтуға, күй де тартуға болады. Бұл тойда да адамдар ет жеп, шай ішіп, әзіл - қалжың айтысып, мәз - мейрам болып қайтысады.
2 - тапсырма
- Баланы неліктен бесікке бөлейді.
- Бесіктің адам денсаулығына әсері бар ма? Қандай?
- Анасы баласын қалай жұбатады.
- Ол баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді
- «бесік жырында» балаға қандай тілек айтылады
- Бесік жабдықтарын ата
- Анасы баласының кім болғанын қалайды.
Жауаптары:
4 – тапсырма бесікті жабдықтап, бесіктегі баланы жұбату яғни әр топ бесік жырын айтамыз Жарайсыңдар, балалар енді біздің аналарымыз бесікке бөлеу рәсімін көрсетіп берсін.
Мадақтау
Жарайсыңдар балалар барлығыңызға рахмет. Сабақ аяқталды сау болыңыздар
Балалы үй базар
Тақырыбы: Балалы үй базар
2024年3月5日1098 浏览

#бесікке салу#бесік жыры#бастауыш сыныптарға#балалы үй базар#сал дәстүр
推荐阅读
俄罗斯请求哈萨克斯坦协助恢复乌拉尔河
俄罗斯自然资源部副部长与哈萨克斯坦生态部副部长会晤后宣布,两国将联合实施2027-2032年乌拉尔河生态恢复计划,奥伦堡州邀请哈方专家参与,重点包括共享水质数据、建设污水处理设施。此前水文学家表示,调西伯利亚河水至中亚成本极高。谈判将继续进行。该计划旨在改善乌拉尔河生态系统。双方同意加强合作,共同应对水危机。
10 分钟前
乌拉尔斯克扎恰甘斯克部分地区因电网故障停电
2026年7月14日,哈萨克斯坦乌拉尔斯克市郊区扎恰甘斯克因电网发生故障导致部分区域停电,影响1356户居民。目前当地电力部门已展开紧急抢修,iKomek客服中心24小时免费服务,热线109。请市民理解并配合抢修工作。此次停电是由于电网设备故障引起,技术人员已迅速到位进行排查修复。如有疑问请拨打热线。
30 分钟前
阿拉木图总体规划:居民需要了解什么
阿拉木图总体规划调整引发居民关注,总规划科研院总经理阿斯卡特·萨杜奥夫接受专访,详细解答规划与战略环评的区别、业主权利、征收条件、法律效力、公众参与及诉求处理等常见疑问,并呼吁居民勿信谣言,从官方渠道获取信息。文章强调总体规划本身不改变产权,不具有直接执行力,同时告知居民后续可通过公众参与表达意见。
50 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

