Өзін - өзі тану 4 сынып
Тақырыбы: Батылдық пен өжеттік
Мақсаты:
оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
- батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
- шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
- батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, үнтаспа
Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.
Көңілді ән шырқайды.
Балдырғандар әні
сөзін жазған О. Әубәкіров
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.
қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.
Біз - Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық - ұранымыз.
қайырмасы
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.
Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін тыңдау.
«Қойшы Қаһарман» ертегісі.
Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:
* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс - әрекетінен байқадыңдар?
* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
* Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
* батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.
- Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата - анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.
Жаңа ақпарат «Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді.»
Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды. Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді, сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т. б.
Сергіту сәті
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына және жаттығуларының да әсері бар екендігі еске түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды)
Бір, екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бір, екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бойға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2 - 3 метр болатын түзу сызық сызылады. Меже белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп - түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап қошеметтеу.
Тапсырма
«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады.
1 - тапсырма.
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
2 - тапсырма: Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.
Қорытындылау
- Батылдық - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді:
- Бір - бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.
- Деніміз сау болсын.
- Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т. б.
Өлең оқыту
Батыр ата
Ө. Тұрманжанов
«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!
Естіңдер жас жеткіншек қырандар!
Батыр болып, туған жерді қорғауды -
«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.
Батылдық пен өжеттік
Өзін - өзі тану 4 сынып
2024年3月5日699 浏览

#отан туралы#туған жер#батылдық пен өжеттік#ашық сабақ өзін өзі тану 4 сынып
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
14 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
14 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
34 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

