Қызылорда облысы, Арал қаласы
№ 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Зекенова Рима
Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Күлпаш»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету, ролмен оқи білу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: Шыдамды, төзімді болуға, өз елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: Рөлдік сабақ
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ - жауап,
Сабақтың көрнекілігі: Мәтінге байланысты сурет, Б. Майлиннің суреті, слайд.
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру
- амандасу;
- түгелдеу;
- назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- 4 оқушыдан бөліктердің түсінігін сұрау;
- Әр бөлікке ат қойғызу;
Үй тапсырмасын пысықтауға «Бәйге» ойынын ойнату.
60 - Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
30 - Түрмеде оған қандай айып тағылды?
20 - Тоқашқа жолығуға кім келді?
30 - Мәтіннен Тоқаштың анасына айтқан сөзін тауып оқы.
40 - Анасымен бірге Тоқашқа кім келді?
10 - Тоқаш неше күннен кейін айыптау қорытындысымен танысты?
20 - Тоқаш кіммен тығыз байланыста болған деп жала жабылды?
10 - Топ ішінен кімнің зарланған даусы естілді?
ІІІ Жаңа сабақ.
- Автор өмірімен таныстыру;
- Мәтінді түсіндіру;
- Мәтіннің мағынасын толығымен ашу;
- Оқиғаның болған кезеңіне тоқталу;
ІҮ Сөздікпен жұмыс
Өрім - өрім - тозған, жыртылған.
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі.
Ызғырық – суық жел
Өлмелі кедей - өте кедей.
- Бөлікке бөліп оқушыларға оқыту
- Өздері оқып шыққан екі бөлікке ат қойғызу;
Ү Бөлікке ат қою
1 Үміт сәулесі
2 Азапты күн
«Сөз терім» ойыны
1. Б. Майлин кім? Қайда оқыған?
2. Күлпаш пен Қалидың сыртқы тұрпаты қандай? Қали неліктен бүк түсіп оранып жатыр?
3. Қали мен Күлпаш неліктен Мақтымның келуін асыға күтеді?
- Осы сөздің мағынасын балаларға түсіндіріп, ашып айту. (ШЫҚПА, ЖАНЫМ, ШЫҚПА)
ҮІ Шығармашылықпен жұмыс.
Күлпашқа сипаттама беру.
ҮІІ Сабақты бекіту. «Қазаққа» Б. Майлин
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.
Туысқанды, құрдастықты асыға,
Алалықты араңдағы жой қазақ!
Не сұрасаң қабыл қазір тілегің
Сен тілексіз оңалмайсың білемін
Жан біткендер іздеп жатыр керегін,
Тұр, қалғыма, көтер басты, әй қазақ!
ҮІІІ Үйге тапсырма беру.
- мәтінді оқып, түсінгеніңді айту;
- Б. Майлин өмірінен материалдар жинау.
ІХ Бағалау
Мадақтау
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Қызылорда облысы, Арал қаласы
2024年3月5日471 浏览

#бейімбет майлин#күлпаш#майлин#аштық туралы тақырыпқа ашық сабақ
推荐阅读
“年龄到了”:纳兹姆·克扎伊拜称亲戚催婚让她烦不胜烦
三届世界拳击冠军纳兹姆·克扎伊拜谈及亲戚催婚压力,比较哈萨克与土耳其婚礼差异,并透露职业生涯主要对手已变好友,展现运动员的赛场内外生活。
8 分钟前
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
28 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

