Сабақтың тақырыбы: Күлпаш
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету, рөлмен оқи білу.
Дамытушылығы: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды, өз сөздік қорларына пайдалана
алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық ізденіске баулу
Тәрбиелілігі: Оқушылар бойында жанашырлық сезімді ояту, шыдамды, төзімді болуға, өз елін, жерін,
Отанын сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Ой қозғау, Венн диаграммасы, инсценировка,
әңгімелеу, сұрақ – жауап, топпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б. Майлиннің суреті
• Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Азаттық жолында. Үй тапсырмасын “Бәйге”ойыны арқылы пысықтау
- Тоқаш Бокин не үшін күрескен?
- Түрмеде оған қандай айып тағылды?
- Тоқашқа жолығуға кім келді?
- Анасымен арасындағы әңгіме?
- Әңгіменің әр бөліміне ат қой
- Тоқашқа мінездеме бер
- Тоқаш анасына не айтты?
- Айыпталу қорытындысы не болды?
- Оның ойлаған арманы орындалды ма?
ІІІ. Жаңа сабақ
а/ Кіріспе әңгіме.
Бейімбет Майлин өмірінен қысқаша мағлұмат беру.
1894 - 1938ж Қостанай облысы, Таран ауданында дүниеге келген. Аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Әкеден ерте жетім қалған ол жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.
Қозғаған тақырыптары: ауыл өмірін бейнелеп, қазақ адамының шынайы образын жасады. Шығармалары: Шұғаның белгісі.
ә/ Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу, оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру. Қарамен ерекшеленген сөздерді түсіндіру, сол сөздерге мағынасы жуық сөздерді атату.
Сөздік жұмыс
Өрім - өрім – тозған, жыртылған
Бөкебай – басқа жамылатын шәлі
Ызғырық – суық жел
Кедей – өте кедей
Оқушыларға тізбектей оқыту
Ой толғау.
Тапсырмалармен жұмыс
- Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтті?
- Бәрі де “шықпа жаным, шықпа” деп отырған секілді дегенді қалай түсінесіңдер?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?
Оқулықтағы суретпен жұмыс
- Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
- Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.
Ой қозғау. Топпен жұмыс
Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.
1-топ.
Қалидың өмірін қазіргі балалар өмірімен салыстыру
2 -топ.
Оқулықтағы суретке сүйене отырып, Күлпаштың үйін суреттеу
3 -топ
Мақтым үйге оралғандағы үй – ішінің көңіл - күйі.
Инсценировка қою
Күлпаш.
Мәтін мазмұнын аша түсуде кедейлер өмірін жете түсініп, сол замандағы Қалидың басынан кешкен ауыр тағдырды сезіну үшін рөлге бөліп ойнату
Қорытынды
Венн диаграммасы
Қали өмір сүрген заман
Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері
Үйге тапсырма
Мәнерлеп оқу. Бөлімдерге ат қою
Бағалау
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Сабақтың тақырыбы: Күлпаш
2024年3月5日785 浏览

#күлпаш#ана тілі#бастауыш#3 сынып#бейімбет майлин шығармасы
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
7 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
27 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
27 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

