Бейнелеу өнері (1 сынып)
1 - сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Сурет салып үйренейік»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бейнелеу өнері жайлы түсіндіріп, сурет салу жолдарын түсіндіру;
Дамытушылық: оқушылар өз әсерін қағаз бетіне түсіру.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғау және аялауға тәрбиелеу
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, баяндау
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.
Көрнекіліктер: Көбелектің суреті
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары:
Мұғалім үшін: көрнекі құралдар – көбелектің фото суреті
Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаштар, өшіргіш, қылқалам
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
ІІ. Жаңа сабақ
А) сабақ тақырыбы бойынша танымдық ұйымдастырушылық әңгіме өткізу
ІІІ. Сурет салу әдістерін көрсету
ІҮ. Сергіту сәті
Ү. Оқушылардың өздік жұмысы.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тыныштандырып. Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар менен кейін қайталайды.
1, 2, 3 - бойға берер күш
Сабақты біз бастаймыз,
Қиналсақ та саспаймыз,
4 пен 5 - ке оқуға
Тәрбиелі болуға,
Ант етеміз бәріміз.
ІІ. Жаңа сабақ
Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым - қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.
Алғашқы адамдар суретті көмірмен, үшкір тастармен салған. Неолит дәуіріндегі еңбектің жер өңдеу мен қол еңбегі – өндірістік сипаты адамның өнерге деген қатынас сипатын өзгертті. Адамның сурет салуға үйренуі, өз қол еңбегіндегі өнімдерін безендіруге бағытталды.
Ал қазір біз суретті немен саламыз? қарындаштармен саламыз дұрыс айтасыңдар.
Ендеше оқулықтарыңды ашып 4 беттегі ненің суреттері берілген екен кім айтып береді?
ІІІ. Көбелектің суретін салу үшін не істейміз және не қажет?
1. Альбомдарынды ашып сурет салуға дайындаңдар.
2. Қарындаштарыңды, қажетті құралдарды дайындаңдар.
3. Салатын суретке назар аударыңдар.
4. Бірінші қара қарындашпен суретін саламыз
5. Салып болғанан кейін түрлі түсті қарындаштармен бояймыз.
ІҮ. Сергіту сәті
Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз тыныс сосын жай
Ү. Оқушылардың өздік жұмысы.
Оқушыларға өз әсерін қағаз бетіне түсіру ұсынылады.
4 - беттегі көбелектің суретін салады.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
1. Суретті салу үшін бізге не керек?
2. Суретті қалай саламыз?
Сурет салып үйренейік. жүктеу
Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар. жүктеу
Жай және түрлі түсті қары ндаштар. жүктеу
Акварель. жүктеу
Гуашь бояулары. жүктеу
Гуашь бояуларының атаулары. жүктеу
Жылы және суық түстер. жүктеу
Түстер шеңбері. жүктеу
Бояу реңдері бойынша түстердің үйлесуі. жүктеу
Бейнелеу өнері күнделікті жоспарлар (1 сынып)
Бейнелеу өнері (1 сынып)
2024年3月5日554 浏览
#сурет#1 сынып#бейнелеу өнері күнделікті жоспарлар
推荐阅读
欧亚经济委员会强化对哈萨克斯坦智能手机和平板电脑进口规定
欧亚经济委员会收紧智能手机和平板电脑进口规则:自7月14日起,哈萨克斯坦和吉尔吉斯斯坦的快递货物海关申报单必须填写IMEI码。新规适用于具有移动通信功能的手机和平板电脑,源于欧亚经济联盟的国家注册与验证要求,旨在加强进口监管。相关标准于2018年10月16日批准。该措施旨在确保设备合法进口,避免走私,加强对移动设备的监管,提升安全性。
9 分钟前
凯拉特·萨特巴尔德乌勒被没收的商业中心Kaisar Plaza再次流拍
阿拉木图市凯拉特·萨特巴尔德乌勒名下的九层商业中心Kaisar Plaza在第四次拍卖中再次流拍,尽管价格已从最初的615亿坚戈降至470亿坚戈。该中心建于2017年,总面积63920平方米,拥有53家租户。本文详细介绍拍卖过程、资产估值、历史背景及被没收资产清单。
29 分钟前
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
49 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

