Атырау облысы, Мақат ауданы,
«Нұрбөбек» бөбекжай – балабақшасының психологі
Тайпанова Аклай Нұрханқызы
«Балабақшада ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру»
«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу - қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ - тарауы 18 - баптың 17 - тармақшасында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған, мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.
2015 жылдың қазан айында Инновациялық технологиялар білім беру орталығынан «Флипчарт сабақтарды әзірлеудің әдістемелік жолдары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп келдім. Осы алған білімімді тәжірибеде қолданып психологиялық жұмысымды флипчарт арқылы өткізіп жүрмін. Флипчартты пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Флипчартты балабақшада пайдаланар болсақ, оқу іс - әрекеттерін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға болады. Флипчарты балабақша пайдалану оқу іс – әрекетінде, тәрбиелік шараларды өткізуде тәрбиешілер мен бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал.
Балабақша флипчарт әдісімен балалармен психологиялық оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
МАД «Жұлдыздар» тобы
Тақырыбы: «Білгіштер»
Мақсаты: Балаларға топтық жұмыс жасауды үйрету. Балалардың икемділігін, жылдамдық процестерін дамыту. Байланыстырып сөйлеуді дамыту. Зейін, қабылдау, ойлау, естіп - есте сақтау және қиялдарын дамыту.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, флипчарт
Психологтың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
– Балалар жылы, жұмсақ жүрегіміздің жылуын келген қонақтармен бөлісейікші! Жарайсыңдар, балалар!
Орындарыңа отыра қойыңдар.
- Балалар тақтаға назар аударыңдаршы. Бұлт күнді қамауға алып алған соны құтқарайық
Ұйымдастырушылық ізденістік
Балалар мен сендерге бірнеше тапсырма беремін
тапсырма: Ойын «Ассоциации» Балалар ортасындағы суретке үйлеспейтін суретті табыңдар
(флипчарт әдісі интреактивті каламмен арттық суретті басады, сурет көрінбейді.
Тапсырма: Кеңістікті бағдарлау. Балалар үйдің қай терезесінде қандай бала тұратынын есте сақтап тауып беріңдер.
(флипчарт әдісін колдану)
Тапсырма: «Суретте неше айырмашылық бар?»
Балалармен көзге арналған жаттығу жасату
Тапсырма: «Көлеңкесін тап»
Әр жануардың көлеңкесін тауып интерактивті қалам көмегімен орнына орналастыру.
Тапсырма: «Не артық?» балалар артығын тауып толық жауап беру керек.
Рефлексиялық түзетушілік
Балалар, біз бүгін күнді бұлттардан құтқардық, күн сіздерге риза болып тұр, сендерге алғысын айтты.
Флипчартты аудиодыбысты жазу арқылы күн балаларға алғыс айтты.
Толық нұсқасын жүктеу
Білгіштер
Атырау облысы, Мақат ауданы,
2024年3月5日506 浏览

#балабақша#ашық сабақ балабақша#жаңа технологияларды пайдалану#білгіштер
推荐阅读
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
4 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
24 分钟前
哈萨克斯坦总统会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使
哈萨克斯坦总统卡瑟姆若马尔特·托卡耶夫在会见新任驻吉尔吉斯斯坦大使阿贝尔卡伊尔·斯卡科夫时,强调必须进一步加强与兄弟吉尔吉斯斯坦的友好、睦邻关系、战略伙伴关系和联盟关系,并向下达了交通过境、能源、水资源、农业和数字化等优先领域的合作任务,同时要求加强文化和人文交流。据Qazaqtoday.info报道。
24 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

