Кеш тақырыбы: «БІЗ және ИНТЕРНЕТ»
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында олардың білім деңгейін саралау, сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсарту.
Өткізу түрі: сайыс түрінде /Кешке 8 сынып оқушылары қатысады./
Кешті 11 сынып оқушылары жүргізеді.
Әділ қазылар алқасы 9 сынып оқушылары.
Жоспар:
1. Баяндама « Біз және Интернет»
2. « Білгірлер, тапқырлар» білім сайысы.
3. Қорытынды. Марапаттау.
1 жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар
Мына бізге қараңдар
Кәнеки залда тыныштық
Естілмесін дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешікендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Кешімізді бастаймыз.
2- жүргізуші: Жан достарым
Мұны жақсы ұғайық
Информатика құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың бәрін де
Мүмкін емес компьютерсіз түсіну
Бағдарлама дүние кілті әлі де
Үйреніңдер, қажетті пән бүгінде
Кеңесеміз, айтарымыз бәріңе.
1 -жүргізуші: «ӨЗІМІЗ ТУРАЛЫ» I кезең
Демейін заман сөздері
Тап бүгін өзгерді
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді -
Әр топ мүшелері таныстыру арқылы топ формасын, мақсатын қорғау керек.
2 -жүргізуші: «Сәттілік кезең» I I кезең
Көңілді тапқыштар, алғырлар
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпаздары болады.
Әр топ жылдам, аз уақытта 10 сұраққа жауап беру керек.
1 топ командасына сұрақтар
1. Бір бөлмеде орналасқан компьютерлер арасындағы байланыс? (жергілікті желі)
2. «Компьютер» сөзінің қазақша атауы. (есептегіш)
3. Қолданушы мен ғаламтор арасындағы қызмет түрін қамтамасыз етуші бағдарлама (браузер)
4. Электронды пошта жәшігі неден тұрады?(логин - жеке атау, пароль - құпия сөз)
5. Гипермәтіндік құжаттарды іздеу мен қарастыру қызметі. (WWW`- World Wide Web)
6. Ғаламторда электронды поштадан басқа қандай қызметтер түрі бар.
7, Провайдер деген не? (ғаламтор ресурстарына қатынас құруды ұсынатын ұйым)
8. Орналасу жағдайына қарай желелердің қандай түрлері бар?
9. Web - беттерден тұратын ақпараттық ресурс.(web – сайт)
10, Желілік тораптың басқаруымен жұмыс істейтін ресурстар тобы. (домен)
2 -топ командасына сұрақтар
1. Дүние жүзінде орналасқан компьютерлер арасындағы байланыс? (интернет желісі)
2. «Windows» сөзінің қазақша атауы.(терезе)
3. Электронды мәліметтер беру қызметі қалай аталады?(электронды пошта)
4. Қазіргі қолданыстағы браузерлерді атаңдар?
(Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Google Chrome т. б)
5. Телефон арқылы ғаламторға қосу құралы.(модем)
6. Ғаламторда электронды поштадан басқа қандай қызметтер түрі бар.
7. Сервер деген не?(желінің басқа компьютерлерге өз ресурсын ұсынатын компьютер)
8. Орналасу жағдайына қарай желелердің қандай түрлері бар?
9, Ақпараттық алмасуды қамтамасыз ететін компьютерлер мен құрылғылар жиынтығы.
(компьютерлік желі)
10. Желінің басқа компьютерлерінің жергілікті ресурстарын қолданатын компьютер.
(клиент)
1- жүргізуші: «СӨЗ ЖАСЫРЫНБАҚ» III кезең
Орыны ауысып жазылған компьютерлік терминдерді 1 минут ішінде тауып, дұрыс жазу керек.
ЛАМҒАТОР, ЗЕРРАУБ, ТРОНЭЛЕКДЫ ТАПОШ, ТЕРКОМЮПЬ, ЙТАС, ВЕСЕРР.
2- жүргізуші: «ТҮСІН МЕНІ» I V кезең
Информатика пәнінен
Көрсетіңдер батырлық
Ой толғайық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Адам мүшелері мен компьютер арасындағы байланысты ескере отырып, сурет бойынша компьютер бөліктерін атап бер.
Қорытындылау. Марапаттау.
Біз және Интернет
Кеш тақырыбы: «БІЗ және ИНТЕРНЕТ»
2024年3月5日664 浏览

#интернет#жергілікті желі#сайыс сабақ информатика#компьютерлер арасындағы байланыс
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
19 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
19 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
39 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

