Біз мейірімді баламыз
Мақсаты:
Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдепті болуға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу, олардың әдеби сөздік қорын молайтумен бірге дүние танымдарын кеңейту.
Көрнекіліктер: Анасы мен қызы және автобус ішіндегі балалар әрекеті мен қарт адам бейнеленген суреттер, түлкі мен қоян атрибуттары, көңіл – күй бейнеленген қолғап.
Сөздік жұмысы: Армысың, шапағатты, мейірім , сиқырлы шумақ, зұлымдық, суық түстер, жылы түстер
Әдістемелік тәсілдер: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, пікір алмасу, әңгімелету, бақылау, мадақтау, таңғажайып сәт, қорытындылау.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері
Амандасу рәсімі
Қайырлы күн достар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың шапағатты Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарыт бар әлемді жарылқа.
Күн –ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан – дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға, алақанымызға мейірім шуағын төкті. Енді осы жүрек жылуымызды бір – бірімізге, қонақтарға сыйлайық. Енді, балалар,
«Мейірім шуағы» атты ойын ойнап көрейік.
- Сен кімсің? ( жіпті қасындағы балаға ұсынады)
1 бала : - Мен Самалмын. Мені анам «Ботам» дейді.
( жіпті келесі жанында тұрған балаға ұсынады)
2 бала: - Мен Бекзатпын. Әкем мені «Ақ Бекзат» дейді.
Ойын осылай жалғасу арқылы шеңбер бойында күн бейнеленеді.
Түйіндеу
Міне, балалар, біз мейірім шуағын төгу арқылы Күн - ананы бейнеледік
Әңгімелесу
Балалар, сендер өз жүрегіңнің жылуын кімге сыйлар едіңдер?
Неліктен ол адамға сыйлар едіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мен өз жүрегімнің жылуын анама сыйлаймын, себебі анамды өте қатты жақсы көремін.
Мен кішкентай қарындасыма сыйлаймын , себебі ол сондай сүйкімді.
Мен достарыма сыйлаймын, себебі жалғыз ойнаған сондай көңілсіз.
Мен әкеме сыйлаймын, әкем менің қамқоршым, асқар тауым.
Суретпен жұмыс
Енді мына суретке назар аударайық. Суретте кімдер бейнеленген?
Анасы мен қызы.
Ос суреттің кейіпкерлеріне ат қойып әңгіме құрастырайық.
Суретте Айдана мен анасы бейнеленген. Айданаға анасы мейірлене былай деп жатыр. «Айдана, тұра ғой айналайын, мектепке барайық» . Ал, Айдана болса қуанып, анасына мейірімді, әдемі күлкісін сыйлап отыр.
Енді келесі суретке назар аударайық. Бұл суреттегі кейіпкерлерге де ат қойып әңгіме құрастырайық.
Амантай ме Ислам автобуста ең алдыңғы орында отыр. Автобус ішіне таяғына сүйенген қарт кісі келіп кірді. Балалар көрмеген болып отыра берді. Ал келесі орында отырған Данияр орнынан тұрып қартты сүйемелдеп орындыққа отырғызды.
Енді осы суреттегі кейіпкерлердің іс - әрекетін талдап көрейік.
Осы суретте кім мейірімді деп ойлайсыңдар?
Әңгімелеу
Әрқашада үлкендерді сыйлап ізеттілік, кішіпейілділік танытып жүретін, жоғарыдағы суртте бейнеленгендей орнынан тұрып қарт кісіге, орын берген бала - Данияр мейірімді. Ал орнынан тұрмай , көрсе де көрмегендей болып отыра берген балалар - Амантай мен Ислам әдепсіз.
Дәйексөз
Өзгені сыйлай білмеген өзін де сыйламайды.
Халық нақылы
Сахналау «Қоян мен түлкі» ертегісі.
( рөлге бөліп орындау )
Автор Айкүміс: - Бір түлкі секіріп келе жатқан қоянды көріп, өтірік ауырған болып жата қалады.
Түлкі Даниел: - Қоянжан – ау бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен дос емес пе едік. Мен ауырып жатырмын жақын келші.
Қоян Самал: - Екі көзім өзіңде тұр, екі құлағым сөзіңде тұр. Сізді қу , ашқарақ, өзімшіл дейді, сол рас па?
Түлкі: - Қу екенім рас, алдамайын десем де ұмытып кетемін, кеше бір тауықты алдап жеп қойып едім, соны аяп ауырып жатырмын, оның да өмір сүргісі келеді ғой.
Қоян: - Ұмытшақтық деген жаман ғой, соныңыздан қорқамын, сондықтан да жортамын. –деп жорта жөнеліпті.
Балалар, түлкі қандай екен?
Түлкі қу, қомағай, өзімшіл, мейірімсіз.
Ал қоян ше?
Қоян сақ, қорқақ, ол ешкімге жамандық ойламайды.
Дұрыс - ақ. Аңдар мен адамдардың мейірімді, мейірімсіз болатыны сияқты түстер жылы, суық болып екіге бөлінеді екен.
Қане, мына жапырақшаларға қарап суық түстерді айтайықшы?
Суық түстер: көк, қою көк, күлгін, қара, сұр түстер жатады.
Жылы түстер: қызыл, сары, жасыл, қызғылт
Сергіту сәті
Ақ түс - Аспан белгісі.
Қоңыр түс - Жер белгісі.
Көгілдір түс - Су белгісі.
Аңсұңқар (самғап ұшу қимылы)
Шабандоз ( атпен шабу)
Балықтар ( балықша жүзу) қимылдарын 3 - 4 рет қайталап жасату.
Жақсы балалар, біздің көңілді - көңілсіз болуымыздың өзі де көңіл күйімізге байланысты ғой. Ендеше көңілді, көңілсіз, таңданған сәттерімізді жаттығулар арқылы көрсетейікші. ( қолғаппен)
Ойын «Мен көңілдімін - Мен қуаныштымын»
Әр саусақта көңіл - күйді білдіретін адамның бет - әлпеті бейнеленген дөңгелек пішінді суреттер болады. Әр саусақтардағы суреттерді жеке - жеке көрсетіп, балалар көңіл - күйді ыммен, қимылмен көрсетіп, сөзбен айтты.
- Мен қуаныштымын! ( күледі)
- Мен көңілдімін! ( жылы жүзбен жымию )
- Мен таңғалып тұрмын! ( таң қалу, аузын ашу)
- Мен ренжіп отырмын! ( ренжу, қабақ түю)
- Мен жылап отырмын ! ( жылау )
Шығармашылық жұмыс
Енді, күлген, қуанған, таңданған сәттерімізді қағаз бетіне түсіріп көрейік.
( жайлы әуен ойналып тұрады, балалар сурет салуға кіріседі , юір көңіл - күйді бейнелейді, біреуін таңдап салады)
Таңғажайып сәт ( қолында шарлары бар Күлдірген келеді)
Күлдірген - Сағындық: - Сәлем достар, балалар! Мен Күлдірген Бом боламын.
Балалар: - Сәлеметсіңбе Бом!
Күлдірген: - Жаңа сендер не туралы әңгімелеп жатырдыңдар?
Балалар: - Біз мейірімділік туралы айтып жатырмыз.
Күлдірген: - «Мейірімділік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар: - Мейірімділік дегеніміз ол адамдардың бір - біріне жылылығы, көмек көрсетуі, ренжіспеуі, алдамауы.
Мейірімділік дегеніміз ананың, әкенің жылы сөзі, аялы алақаны.
Күлдірген: - Рахмет, балалар, өте ақылды да мейірімді екенсіңдер. Менімен ойын ойнауға келісесіңдер ме?
Балалар: - Ойнайық.
Күлдірген: - Менің қолымда 2 шар бар. Түстерін айтыңдаршы?
Қызыл. Көк.
( шардағы тапсырмаларды 2 топ болып орындайды)
1 тапсырма Ертегі мазмұнын әңгімелеу.
2 тапсырма Ән орындау «Біз өмірдің гүліміз» әні.
Күлдірген: - Келесі кездескенше сау болыңдар! - деп (қоштасып , шығып кетеді)
Біз мейірімді баламыз
Біз мейірімді баламыз
2024年3月4日948 浏览

#бала#дайындық#мектепалды#мейірімді
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
8 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
28 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
28 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

