Тақырыбы: "Біздің Отанымыз - Қазақстан"
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту, тарихы туралы түсінік беру. Өз республикасын танып білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүюге, табиғат әсемдігін танып, оны қорғай білуге, ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
Құрал - жабдықтары: мультимедия, суреттер
Әдіс - тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, тақпақ, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
Психо жаттығу: Кел балалар ортаға,
Қайырлы таң достарым
Достарымды көргенде!
Қуана қарсы аламын!
Қолымыздан ұстасып!
Жылулықты алайық!
Амандасып алайық
- Сәлеметсіздер ме қонақтар және балалар?
Тәрбиеші: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім...
«Қазақстан»
Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған аза күн
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен - тәуелсізбін, азатпын.
Ән. «Әнұран»
Тәрбиеші: Балалар біздің Отынымыз қалай аталады?
Балалар: Біздің Отанымыз - Қазақстан.
1. Тәрбиеші: Балалар, біздің «Мен қазақпын» деп, еркін айтуға қол жеткізген Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды?
Балалар: 21 жыл болды.
Тәрбиеші: Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет. Өз мемлекетіміздің Әнұраны, Елтаңбасы, Туы бар.
Тәрбиеші: Осындай үлкен елімізді, жерімізді басқарып отырған кім?
Балалар: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
Тәрбиеші: Мемлекеттік туымыздың түсі көк, көгілдір. Неге ұқсайды?
Балалар: Аспанға ұқсайды.
Тәрбиеші: Біздің мемлекеттік туымыз аспан түстес көк екен.
2. Қожахмет: Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалықтаған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.
Азиза: Есте белгі ұрандар
Сары алтындай сақталған
Күн шұғыла қырана
Алтын түске қапталған
Сол жағында матаның
Сары түсті жолақ бар
Мұратыдай атамның
Әсем өрнек ол ұлттың
- Мынау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Авторлары: Ж. Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.
Елтаңбаның негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі, отбасының негізі. Шаңырақ - Күн шеңбері. Тұлпар - дала дүлділі, ер азаматтың сәйгүлігі, желей ескен жүйрік аты. Қанатты тұлпарлар - бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп өркендеуі, сан сырлы бет – бейнесін паш етеді. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Айшабибі: Алтын қанат көмкерген
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген
Жай белгі емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі 3
Шаңырақ - жұрт панасы
Уықтар - күннің сәулесі
Сүйсіндірер өзіңді
Түсіне біл таңбаны.
Әнұран - салтанатты ән. Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар көңіліміз көрініс тапқан.
Мемлекеттік Әнұран - егеменді еліміздің Туы мен Елтаңбасының сазды бағдарламасы.
Тәрбиеші: Әрбір тілде сөйле әлемі таңдантып,
Ана тілін білмеу деген қасірет
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілін жасау керек мәңгілік!
Данияр: Ана тілің арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана қаласы - әсем жас қала, Елордасы.
4. Мирас: Ей Астана жас қалам
Болашаққа бас қадам
Қайта туып жаңғырған
Ей, бас қалам Астанам.
Атырау қаласы,
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы
II санатты тәрбиеші Темірханова Жаңыл Жумаханқызы
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Тақырыбы: "Біздің Отанымыз - Қазақстан"
2024年3月5日782 浏览

#әнұран#елтаңба#рәміздер#менің отаным#патриоттық тәрбие#біздің отанымыз қазақстан
推荐阅读
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
16 分钟前
莫尔迪尔·穆坎将三件家庭喜事合为一庆
歌手兼制作人莫尔迪尔·穆坎为庆祝大女儿阿德米大学毕业、二女儿艾伊姆毕业和小儿子拉伊姆贝克割礼仪式的三件喜事,举办盛大家庭庆典。她在首都日分享与努尔苏丹·纳扎尔巴耶夫的旧照和视频,表达对阿斯塔纳的热爱。她表示:’我是在‘祖国从家庭开始’的教育下长大的女儿’,并感谢亲友祝福,祈愿女儿前程似锦、星光闪耀。
16 分钟前
西班牙2-0胜法国,成为2026年世界杯首支决赛队伍
在2026年世界杯半决赛中,西班牙2-0击败法国,米克尔·奥亚萨瓦尔第22分钟点球破门,佩德罗·波罗第58分钟扩大比分。法国队全场表现低迷,直到第70分钟后才完成首次射门。西班牙成为首支晋级决赛的球队,将于7月20日与英格兰或阿根廷争夺冠军。西班牙的进攻高效,防守稳固。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

