Танымал блогер Сабина Мовлаева көкпарға өнер көрсетуі үшін шақырылғанын, бірақ күтпеген жайтқа тап болғанын айтты. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Оның айтуынша, еркектер оны әр жерінен ұстап, ұят әрекеттер жасаған.
«Бәрі жазып кетті көкпарда Сабина жүр деп. Көкпарда қыздар жүрмейді дейді, бірақ өте көп қой жүргендер. Мені ғана көріп қалады екен бәрі. Мен 6 күзетшімен өтіп бара жатсам, қолдарын кіргізіп ұстап алып жатыр. Күзетшілер күліп жатыр. Бәрі келіп суретке түсіп жатыр. 6 күзетші: "Болды, түспейсіңдер" деп итеріп жіберді. Киіз үйге кіргізіп, өздері "суретке түсейікші" дейді ғой. Ештеңе істей алмадым», — деді блогер.


