Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу негіздері.
Сабақтың мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: кеспе әріптер, әріп таңбасы, текшелер, тақырыпқа сай суреттер, домбыра, доп, дәптерді пайдалану.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру әдістерін қолдану.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
І. Балаларды ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетіндегі дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші.
– Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
- Дыбысты біз не істейміз?
- Иә, дыбысты біз естиміз.
- Ал, әріп дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз - дыбыстарды таңбалау.
- Иә, әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
– Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп)
- Балаларға допты көрсетіп, бүгін сабақта Д дыбысымен танысатындарын айту.
Тақтадағы суреттердің атауын айтқызып, қандай дыбыстан басталып тұрғанын сұрау.
– Мынау ненің суреті? (домбыра)
- Домбыра деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
- Ал, мынау ненің суреті? (дәптер)
- Дәптер деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
Д дыбысының баспа түрімен таныстыру. Ауада жазғызу.
- Қәнекей, балалар, кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып көрейік. Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма, дауыссыз ба?
Балалар кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып, дауыссыз дыбыс екенін айтып, көк текшелерін көрсетеді. Дәптер, домбыра, велосипед сөздерін алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі.
- Домбыра сөзі неше буынға бөлінеді? (Дом - бы - ра)
- Дәптер сөзі неше буынға бөлінеді? (Дәп - тер)
- Велосипед сөзін буынға бөлу. (Ве - ло - си - пед)
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Д дыбысын жазамыз.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Лақтырдым да әуелеп,
Қағып алып: «оп»,- дедім.
Жерге соқтым, секең қақсы
Доп деп атаймыз біз оны.
Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Шарты: Алма ағашында ілініп тұрған алмаларды жинап себетке салу. Ол үшін балалар өздері алған алмаға ілінген суреттер атауын тауып, сөздерді буынға бөлу керек.
Мысалыға: доға, домбыра, дәптер, доп, бидай, велосипедтің суреттері. (до - ға, дом - бы - ра, дәп - тер, доп, би - дай, ве - ло - си - пед)
Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазғызу. Өткен дыбыстармен д дыбысын қатыстырып, буын, сөз құрастырту. Хормен қайталатып, дәптердегі сөздерді, буындарды оқыту.
Қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Дүкен»
Шарты: балалардың арасынан «Сатушы» сайланады. Балалар сатушыдан доп, домбыра, дәрі, дәке т. б сатып алу керек. Ол үшін ойынға қатысушы бала өзіне ұнаған заттардың атауын айтады және оған дыбыстық талдау жасайды.
Соңынан балалар тақта алдында әріптерді тауып текшемен доп, домбыра, дәрі, дәке сөздерін жазады.
Оқу іс - әрекеті сұрақ - жауап әдісі арқылы бекітіледі.
Нәтиже:
Білу: Д дыбысы және әрпі.
Игеру: Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Меңгеру: Д дыбысын жаза білуге меңгерту.
ШҚО, Аягөз қаласы,
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Жумашева Дарига Аскербековна
Д дыбысы және әрпі
Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.
2024年3月5日945 浏览

#сөйлем#ашық сабақ сауат ашу#д дыбысы және әрпі#әріп таңбасы#д дыбысы бар сөз
推荐阅读
“非常谨慎的人”:著名喜剧演员谈梅拉姆别克·别斯巴耶夫(视频)
喜剧演员卡纳特·塔斯汗讲述梅拉姆别克·别斯巴耶夫在宴会上的谨慎:禁止拍摄,没收手机。详情请见infohub.kz。
10 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
30 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
30 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

