Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау
Мақсаты:
Білімділігі: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге түсініктерін кеңейту және қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау, бір-біріне көмектесуге, достық қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелілігі: Баланың денесін шыңдап, күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Әсем әуен ырғағымен залға Бим - Бом, Чупа - чупс деген сайқымазақтар келеді. Олар өздерін таныстырады. Секіріп, ойнап, жүгіріп жүреді.
Бим - Бом: Мұнда бізбен ойнайтын балалар жоқ қой.
Чупа - чупс: Олай деме достым. Бұл балабақша ғой, мұнда балалар көп болады.
Бим - Бом: Мүмкін олар бізді естімей жатқан болар. Қане мен қарап, балалар болса шақырып қайтайын.
Бим - Бом балаларды қарауға шығып кетеді.
Бим - Бом: Чупа - чупс, мен балаларды тауып алдым, оларды осында ойынға шақырдым. Олар көп екен.
Балалар залға кіреді.
Бим - Бом: Біздер балаларды 2 топқа бөліп алайық. Менің тобымның аты: «Бим - Бом» тобы.
Чупа - чупс: Менің тобымның аты: «Чупа - чупс» тобы.
Бим - Бом: Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Біздер сендерге көп ойындар әкелдік. Сендердің ептіліктеріңді, күштіліктеріңді, шапшаңдықтарыңды байқайтын боламыз.
1. Эстафета: «Кім шапшаң?».
2. Эстафета: «Көңілді дөңгелектер».
3. Эстафета: «Қасықтағы шарик».
4Эстафета: «Мықты болсаң шауып көр».
5. Эстафета: «Капитандар сайысы».
Чупа - чупс: Әр топтың өз тұсында әдемі ваза бар, сол вазаға кәмпиттерді салу арқылы ұпай сандарын есептейміз. Бірінші келген топ 3 кәмпит, екінші келген топ 2 кәмпитпен, үшінші келген топ 1 кәмпитпен бағаланады. Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Сонда чемпион боласың.
– Балалар, жарысқа дайынсыңдар ма? Олай болса жарысымызды бастаймыз.
1. Эстафета: «Кім шапшаң?».
Топ басшысы допты алып белгіленген жерге дейін жүгіріп барып келіп, допты келесі балаға береді. Келесі бала тап солай қайталайды. Ойын осылай жалғаса береді. Ең соңында топ басшысы допты алып қолын жоғары көтеріп қалу керек.
2. Эстафета: «Көңілді дөңгелектер».
Нысанаға дәлдеуге арналған». Көңілді дөңгелектерді» лақтыру.
3. Эстафета: «Қасықтағы шарик».
Белгі бойынша топ басшысы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді. Ойын осылай жалғаса береді.
4. Эстафета: «Мықты болсаң шауып көр».
Есекпен белгіленген белгіге дейін секіріп барып келу.
5. Эстафета: «Капитандар сайысы».
Топ басшылары қолында доп ұстаған жүгіріп барып, қиынды суреттерден допты құрастырып, орындарына қайта жүгіріп келеді.
Бим - Бом: Жарайсыңдар, балалар!
Өздерің шапшаң балалар екенсіңдер.
Чупа - чупс: Сендермен ойын өте көңілді болды. Біздерге ұнады. Сендерге ұнады ма, балалар?
Балалар: Ұнады.
Қимылдық ойын: «Паравоз»
Бим - Бом: Балалардың кәмпиттерін санайық, қай топ жеңіске жетті екен.
Мадақтау. Марапаттау.
Сайқымазақтар барлық балаларға тәтті кәмпиттер таратады. Көңілді әуенге билетіп балаларды залдан шығарып салады.
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Тлегенова Данагул Шамшиденовна
Толық нұсқасын жүктеу
Дені саудың - жаны сау
Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау
2024年3月5日861 浏览

#денсаулық#дене тәрбиесі#салауатты өмір салты#дені саудық жаны сау
推荐阅读
库斯塔奈警察为天鹅一家拦车让路,善举感动网友
库斯塔奈州警察局巡逻警员阿里·叶尔乌兰和同事艾达尔别克·阿尔塞托夫在执行任务时,发现天鹅一家带着幼鸟在繁忙公路旁无法安全过马路,于是临时封路,护送它们顺利通过。这一暖心举动被拍下上传网络,感动大量网友。警员已在警队工作七年,表示这是第一次遇到如此特殊的任务,但能保护生命很值得。网友们纷纷为警员的善举点赞。
15 分钟前
7月15日哈萨克斯坦部分地区将遭遇强风高温天气
哈萨克斯坦水文气象局7月15日发布风暴预警:强风(部分地区达25-28米/秒)、40°C高温、雷暴、冰雹、沙尘暴等强对流天气。火灾风险极高或高。涉及阿克托别、阿特劳、西哈萨克斯坦州、阿克莫拉、卡拉干达、库斯塔奈、克孜勒奥尔达、江布尔、突厥斯坦、阿拉木图、杰特苏、阿拜、东哈萨克斯坦州、乌雷套、北哈萨克斯坦州、巴甫洛达尔及阿斯塔纳等地区。
15 分钟前
新组合:热格尔·阿乌普巴耶夫与比他小15岁的妻子以才艺惊艳众人(视频)
歌手热格尔·阿乌普巴耶夫展示了他小15岁的妻子穆米娜弹奏冬不拉的视频。丈夫对妻子的才艺感到惊讶,网友一片赞叹,称赞这对夫妇为“新组合”,并与知名组合相比。
35 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

