Денсаулық зор байлық
Мақсаты: 1) жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
2) Қимыл - әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш - қуатын молайту;
3) Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру,
Тазалық және жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын
Қалыптастыру.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер.
Түрі: сұрақ - жауап, әңгіме.
Сынып сағатының барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушыларды сынып сағатына ұйымдастыра отырып, сынып сағатының атымен, мақсатымен таныстыру.
Кіріспе.
Адамның дұрыс дамып, өсіп жетілуіне денсаулықтың маңызы зор. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ келешек еліміздің азаматтары. Сондықтан өмірге келген әрбір адам өзінің денсаулығын күтіп, тазалықты сақтап, сол үшін күресе білуі қажет. Өмір сүру үшін адам денсаулығы қымбат. Денсаулықты күтіп, әр адам өзінің жеке бас тазалығын сақтай отырып, денесін шынықтырып, шымыр болуға талпынған жөн.
Сұрақ - жауап.
1. Астында шетелдік көлігі бар, бірақ ол адам қатты ауырады, - бақытты ма?
- Жоқ.
2. Миллиондаған ақшасы бар, бірақ ол адам ауырады, - бақытты ма?
- Жоқ.
3. Үш жерде үйі бар, бірақ ол адам ауырады, - бақытты ма?
- Жоқ.
- Неге олай ойлайсыңдар?
- Ол адам ауру, денсаулығы жоқ.
- сонда дүниедегі ең басты бақыт не екен? Әрине – Денсаулық.
Денсаулығы жоқ адамның өмірі мәнді болмайды. Оның байлығы, көп ақшасы, бірнеше үйі, машинасы болғаны неге керек? Денсаулығы болмаса. Сондықтан да балалар, сендер жаңа өсіп келе жатқан бұтақсыңдар, өз денсаулықтарыңды күте білу, тазалықты сақтай білу міндеттеріңіз.
Адам өмірі үшін бірінші байлық – денсаулық.
Денсаулық
↓
● Табиғи күш
● дене шынықтыру
● тамақ
● тазалық
Нақыл сөздер.
Адамның денсаулығы туралы айтылған нақыл сөздердің маңызы зор.
- Денсаулық – зор байлық.
- Дені саудың – жаны сау.
- Батпайтын ас – жеген кісінің өзін жейді.
- Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.
Сұрақ – жауап.
1. Ауруға арашашы кім? (дәрігерлер, мейірбикелер, халық емшілері)
2. Ауруға көмектесетін қандай орын. (емхана, аурухана)
Міне, дәрігерлер, мейірбикелер бірнеше жыл білім алып, күні – түні кезекпен жұмыс жасап, ауруға арашашы болу үшін еңбектенеді.
Өлең шумақтары:
1. Суық судың несі айып?
Шынығайық халайық.
Кеңестері айтылған
Денсаулыққа лайық.
2. Бұрын біздер ауырсақ,
Дәрігер қарар жанын сап.
Дәріханаға барамыз,
Дәрі сатып аламыз.
3. Тойып ішсең қаншама,
Ауырасың соншама
Асқазанды бүлдірсең,
Азылмас қанша күн жүрсең.
4. Ал, халайық, халайық.
Табиғатқа қарайық
Жер, су, ауа тазарса
Пайдалы екен бұл аса.
Қорытынды.
Шығыста: сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір деген нақыл сөз бар. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыр жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер. Елбасы «2001 - 2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы Заңға қол қойды. Бұл – үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғанның айғағы. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін өз денсаулығымызды күтуде күресе білейік
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық зор байлық
2024年3月5日676 浏览

#денсаулық зор байлық#салуатты өмір салты#денсауылықты күту#тазалық және жеке бас гигиенасы
推荐阅读
伊朗与美国互相打击,伊朗称14人死亡
伊朗称美国新一波袭击造成14人死亡、数十人受伤,受损目标包括港口、铁路桥梁及南部沿海基础设施,涉及布什尔核电站附近和恰巴哈尔港。美国中央司令部称打击旨在削弱伊朗在霍尔木兹海峡威胁航行自由的能力。伊朗革命卫队随后对巴林和科威特的美军基地实施报复打击,波斯湾局势急剧升级。特朗普警告若伊朗继续袭击船只将面临更严重后果。
22 分钟前
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
42 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

