Допты беру, қабылдау
Мақсаты: допты қағып алуды және беруді үйрету. Допты алып жүруді жетілдіру. Шапшаңдық, жылдамдық сапаларын дамыту.
Сабақтың міндеті: сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау.
Қолданылған спорт құралдары: баскетбол доптары, уақыт өлшегіш, ысқырғыш.
№ Сабақтың мазмұны уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу.
Мәлімет қабылдау, сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
- Оңға, солға, кері бұрылу.
- Секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.
Спорттық жүріс. 10 мин
Спорттық киіміне назар аудару.
Бір адамдай істеу.
Денені түзу ұстау.
Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.
Жүгіру бағытындағы орындалатын жаттығулар:
- Тізені жоғары көтеріп жүгіру;
- Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
- Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;
- Оң, сол жақ пен қолды айналдыра жүгіру;
- Артпен жүгіру;
- Жай жүгіру;
- Спорттық жүріс;
- Тыныс алу жаттығулары. 2 рет Арақашықтықты сақтау.
Алақанға тізені тигізу,
кеудені тік ұстау, қол бел тұста. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.
Алаңды толық пайдалану.
Арақашықтықты сақтау, тепе - теңдік сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру.
Жалпы дамытатын жаттығулар:
a) б. қ. аяқ алшақ, қол белде. 1 - 4 оңға солға, 5 - 8 солға басты айналдыру;
ә) б. қ. қол иықта 1 - 2 алға, 3 - 4 артқа айналдыру;
б) б. қ. оң қол жоғары, сол қол төменде, 1 - 2 оң қолды, 3 - 4 сол қолды көтеру;
в) б. қ. қол бүгулі кеуде тұста, 1 - 2 оң бүгулі, 3 - 4 түзу күйінде артқа көтеру;
г) б. қ. қол кеуде алдында, 1 - 2 қолды бүгіп артқа 3 - 4 оңға/солға/бұрылып сілтеу;
д) б. қ. қол белде. Белді оңға - солға айналдыру.
е) б. қ. аяқ бірге, қол алда. 1 - оң аяқты сол қолдың ұшына, 2 - сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу;
ж) б. қ. қол белде, 1 - отыру қол алда, 2 - тұру қол белде;
з) б. қ. н. т 1 - 4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылып.
Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау. Барынша артқа керу шынтақты бүкпей йық көлемінде ұстау.
Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.
ІІ Негізгі бөлім
Доппен арнайы жаттығулар.
Доп беру әдістері:
1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру
- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;
- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;
- Допты екі қолмен кеудеден беру.
2. Допты екі қолмен төменнен беру
Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.
3. Допты бір қолмен беру
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.
4. Допты ұстау
- Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру;
- Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек;
- Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.
5. Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны.
Баскетбол ойыны 5*5
Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіретін саптағы ойындар. 27 - 30 мин
Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.
Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру.
Білезікті бос ұста, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді.
Кеуде аздап алға қарай еңкейген күйде болады.
Ереже бойынша ойын
Қорытынды бөлім
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Спортзал ішінен саппен шығып кету. 5 мин
Допты беру, қабылдау
Допты беру, қабылдау
2024年3月5日903 浏览

#дене шынықтыру#сабақ жоспары#допты беру#қабылдау
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
18 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
18 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
38 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

