Сабақтың тақырыбы: Дос және достық
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Пайдаланылатын көрнектілер:
Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, газет - журналдардан үзінділер, видеопроектор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мен Сәтбаев қаласындағы №5 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Медеубаева Айнұр Құлтасқызы. Ал енді балалар мен сіздермен танысайын.
Танысу тренингі.
Айдай - Айнұр
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Нұрдай – Нұрлыбек Аяулы - Ақсамал
Аққудай - Аружан Оқымысты – Оңалбек
Ынталы – Ықылас Ажарлы - Асыл
Айбатты – Аяжан Айдай – Аружан
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқа бөлініп жұмыс жасайымыз
1 топ «Сыйластық»
2 топ «Достық»
ІІ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос және достық»деп аталады.. Мақсатын айту
Ән тыңдау «Абзал достар»
1. Бір ауылдан түлеп ұшқан жастар едік
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәрімізде жазылмаған дастан едік
Армандастар құрдастар
Қ - сы
Бір ауылдың мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Амандастар қайда абзал достар қайда
Замандастар қарлығаштар қайда екен
2. арман қуған қиял қуған кезің қайда
Құрбы - қыздар мөлдіреген көзің қайда
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда
Армандастар құрдастар
ІІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары
1. Дос деген кім?
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам
2. Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1 - жауап: Адамдар арасындағы байланыс 2 - жауап: Достықты шеңберге теңедім
3 - жауап: Жүрек 4 - жауап: Гүл
3. Досың бар ма? Ол кім?
4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5. Достық жасқа байланысты ма?
6. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
9. Дос қандай болу керек?
Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Қағазға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал жомарт адамгершілігі мол қарапайым мейірімді Дос кешірімді төзімді ақылды сабырлы салмақты кек сақтамау ашықтық бүкпесіздік
Ал балар бүгін дос және достық туралы көп мәліметтер біледі екенсіздер, Ендеше достарымызға арналаған
«Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнайық.
Кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі жазып болған соң оқу.
V. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
VI. Сергіту сәті.
Музыкамен оқушыларға қимыл - қозғалыстар жасату арқылы бой жаздыру.
YІ. Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар».
Қорытынды
Мұғалім сөзі: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Мұғалім сөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Мұғалім:
- Балалар, біздің еліміз қандай мемлекет?
- Хормен: Тәуелсіз мемлекет.
Мұғалім. Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?
Хормен:
1991ж. 16 желтоқсан.
Биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл толғалы отыр?
- 20 жыл толды.
Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтамын.
Рефлекция: - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Гүлге жапырақтар арқылы тілек жазу
Олай болса балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, атан - анларыңа Отанға деген досқа деген жүрек жарды тілектеріңді жапырақтарға жазып гүлді безендірейік.
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. 2 рет
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы. 2 рет
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Оқушыларды мадақтау сәті: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге №5 орта мектебінің атынан әр топқа «Достығымыз нығайа берсін!» деп «достық» сертификатын ұсынғым келеді.
Дос және достық
Сабақтың тақырыбы: Дос және достық
2024年3月5日812 浏览

#тәрбие сағаты#достық туралы
推荐阅读
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
24 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
44 分钟前
齐达内将执教法国队,接替德尚
据转会专家罗马诺透露,传奇球星齐达内将接替德尚成为法国队新主帅。德尚在2026世界杯半决赛输给西班牙后离任,结束自2012年起的执教。齐达内曾率皇马连续三年夺得欧冠,自2021年离任后一直赋闲。他上一次为法国队出场是2006年世界杯决赛,头撞马特拉齐被罚下。官方声明将在法国队最后一场比赛后发布。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

