Сабақтың тақырыбы: «ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»
Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары
ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: 1 балаларды достарымен жағымды қарым - қатынас жасауға үйрету;
2 өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту;
3 татулыққа, достыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
Балалар шеңберге тұрып, бір - бірімен күлімдеп сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Ақ тілек» әнін айтады. Үнтаспаға қосылып айтуға болады.
Сабақтың тақырыбы: «ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»
Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары
ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: 1 балаларды достарымен жағымды қарым - қатынас жасауға үйрету; 2 өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым - қатынастарын дамыту; 3 татулыққа, достыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ұнтаспа, сюжетті суреттер.
Психологиялық дайындық
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Балалар шеңберге тұрып, бір - бірімен күлімдеп сәлемдеседі. Барлығы қосылып «Ақ тілек» әнін айтады. Үнтаспаға қосылып айтуға болады.
Тапсырма
Оқушыларға «Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. Суреттерде балалардың балабақшадағы достары; аулада ойнайтын құрбыластары; сыныптастары; бірге серуендейтін достары бейнелеген.
Балалар осы суреттерге қарап, өздерінің балабақшада бірге ойнаған достарын көз алдарына елестетіп, олардың есімдерін естеріне түсіреді; қандай ойындар ойнағандарын;
қандай ойыншықтары болғанын айтады.
Ауладағы құрбыларымен қандай ойыңды қалай ойнағандарын, ойын кезінде қандай қызықтар болғанын әңгімелеп береді.
Сыныптастарымен бірлесіп қалай сабақ оқитындарын, татулыққа, достыққа қалай үйреніп жатқандарын, сыныпта бір - біріне қандай өзара сыйластық, өзара көмек жасауды білгендерін, бірлесіп қандай істермен шұғылданғандарын сөз етеді. Сондай - ақ серуендеу кезінде достарымен қалай жүргендерін, қызықты оқиғаларды естеріне түсіріп әңгімілеп береді.
Дәйексөз
Мұғалім сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақтаға «Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын» дейтін мақал сөзді жазады және оның мәнін түсіндіреді:
- Балалар, достықтың қадірін білген, оның мәніне терең үңіле білген халқымыз осы мақал
сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қашанда бәрінен қымбат. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен - жегенің ұмтылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.
Достық туралы тақпақтары сұралады
Оқушылар өздерінің достық туралы білген тақпақтарын айтады.
Ребус шешу
Мақал - мәтелдер айту
Жағдаяттарды талдау
Балалар суреттерге қарап, «Суреттегі кейіпкерлер бір - бірімен қайткенде достаса алады?» деген жағдаяттардың шешімін табуы тиіс. Суретте өздеріне таныс, мультсериалдардан көріп
жүрген кійіпкерлер берілген. Олар үнемі бір - бірімен түсінісе алмай, бір - бірімен келісімге келмей, шым - шытырық оқиғаларға тап болып, қашан көрсең де бірін - бірі қуып, бір - бірімен алысып жүретін кейіпкерлер. Ендеше, балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын
тапқандары дұрыс. Балалар өз шешімдерін жария етеді.
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберде тұрып «Достық» әнін шырқайды.
Достық қымбат өмірде
Сабақтың тақырыбы: «ДОСТЫҚ ҚЫМБАТ ӨМІРДЕ»
2024年3月5日752 浏览

#тәрбие сағаты#бастауыш сынып#достық қымбат өмірде
推荐阅读
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
9 分钟前
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
9 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
29 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

