Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: «Е дыбысы және әрпімен таныстыру»
Мақсаты: Балаларға Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Таныс әріптерден буындарды оқып айтуға, Е дыбысынан келетін сөзге дыбыстық талдау жасауға және Е әрпінің баспа түрін дәптерге жазуға үйрету.
Балалардың білімге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әріптер, суреттер, ДВД, диск, текшелер.
Әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, көрсету, түсіндіру, ойын, ребус шешу, тақпақтар, сергіту сәті, ассоциация әдісімен ойын, қорыту.
Салалық байланыс: Тіл дамыту, Айналамен таныстыру, Көркем әдебиет.
Ұйымдастыру кезеңі.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күнін пысықтау. Өткен оқу іс - әрекетін еске түсіріп, тақырыппен диск арқылы таныстыру.
- Балалар біз бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбын теледидардан тыңдап көрейік.
- Мынау Е дыбысының әріп таңбасы, бас әрпі, ал мынау кіші әріп таңбасы. Е дыбысы дауысты дыбыс, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- «Е» дыбысының бас әрпімен қала аттарын, адам аттарын жазамыз. «е» дыбысының кіші әріп таңбасы сөздің ортасында аяғында да келеді.
- Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болсадағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Балалар бұл не екен? (Ешкі)
Ашылып жабылады,
Әр үйден табылады.
Бұл не екен? (Есік)
Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Еменде бар,
Қайыңда жоқ.
Есікте бар,
Тұтқада жоқ
Бұл қандай дыбыс екен?
Балалар қане «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнап, Е дыбысынан келетін сөз ойлап табайық. (балалар бірнеше сөздер айтады)
Балалар қазір біз «Етік» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
Е - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Ал таныс емес дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Енді әркім өз жолақшасына солдан оңға қарай текшелерді қойып дыбыстық талдау жасап шығыңдар.
Енді тақтаға назар аударыңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
(тақтаға жеке балаларды шығарып жұмыс жасау)
Егін, ешкі, кесе, күрек, шелек.
Мен қазір сендерге Е әрпін тақтаға жазып көрсетемін, мұқият тыңдап көріп алыңдар. (тақтаға бірнеше балаға жаздыру)
Балалар енді біз дәптерімізді ашып қаламсаппен Е әрпінің баспа түрін ұқыпты, сызықтан шығармай әдемі етіп жазамыз.
Бой сергіту сәті.
Балалар әріптер туралы кім тақпақ біледі?
Әсел: Ж. Әбдірашевтің «Әріптер сыры» өлеңін білеміз.
Нұрталап: «А»- дегенім:
Алмұрт
Аузыңа сал бал жұт!
Нұраят: «Ә» - дегенім:
Әңгелек,
Әңгелегім дөңгелек.
Әнтек кіші бітімі,
Ол қауынның бір түрі.
Бекнар: «Б» - дегенім:
Бүлдірген,
Балдай дәмін кім білген,
Бүлдіргенді шекерге,
Батырып же бір - бірден.
Жансая: «В» - дегенім:
Витамин.
Витамин көп жемісте,
Витамин ғой, жеміс же!
Қанжар: «Г» - дегенім:
Гүл деймін,
Гүлге теңеу іздеймін.
Гүл деген мен, Күн анам,
Гүлдей жайнап, қуанам!
Жақсай: «Ғ» - дегенім:
Ғажап бақ.
Ғажап бақты аралап,
Ғалым – бағбан боламын,
Ғалам сылар бағалап.
Эльмира: «Е» - дегенім:
Ежігей.
Ежігейді ел білер.
Ерекше ас ол әрі,
Ежігей сүт тағамы.
Карточкамен жұмыс: Ойын: «Қай әріптен басталады?»
Балалар мынау қай әріптер біз танимыз ба? ГА; БЕ; ДЕ буынын оқу. Балалар біз сөз емес, буындарды оқыдық.
Ассоцация әдісімен: «Суретті дұрыс тап» ойынын ойнау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қорыту. Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқандары үшін балаларға гүл сыйлау арқылы көңілдерін көтеру.
Е дыбысы және әрпімен таныстыру
Білім беру саласы: Қатынас.
2024年3月5日810 浏览

#сауат ашу#ашық сабақтар балабақшаға#е дыбысы#мектепалды дайындық сыныбы
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
22 分钟前
奇姆肯特遭遇异常高温:温度计显示超过60度
奇姆肯特遭遇异常高温,温度计显示高达66度。医生建议上午11点前办完事务,11-17点待在室内,戴帽喝水。气象学家预测炎热持续到周末,南部40-45度,东部33-38度。居民前往科什卡尔-阿塔河避暑,水温常年11度,据说有疗效,每日多达1.5万人游泳。该泉被视为圣泉,含多种矿物质。当局呼吁游客尊重环境,带走垃圾。
22 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

