Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Егеменді елім менің
Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер!
Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.
Жүргізуші:
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды.
Ел халқының елбасына айналып
Шықтың қайта төр басына сайланып
Тәуекел деп абройға сүйенген
Қазағыма жетер дейсің қай халық
Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін
Ардақтаған адал достар сүйсінсін
Тұғырына қайта қонды елбасым
Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын
Хор: әнұран
Көрініс:
Түн. Кәдімгі түн. Миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл ерекше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші қалге жеткізді Азаттық жолында күрескен жастарды арашаламақшы болып жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлов та бар еді.
Тергеуші:(Бейбарыс)- Кіріңіздер! (Қ. Рысқұловты алып кіреді)
- Рысқұлов ойланып келдің бе?
- Савицкииді өлтірген сен бе?
- Жоқ мен емес.
- Сен өлтірген.
- Жоқ мен емес.
- Мойныңа ал!
- Мен өлтірген жоқпын
Ой, ақымақ! Атыңдар, көзін құртыңдар! (Қайратты ұрып-соға бастайды)
Қайрат (Нұрдаулет):
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атамын десең атыңдар!
Тергеуші:Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы
Ербол (Дамир):
Енді бұғаудан босатыңдар
Сәбира (Қ. Мерей):
Әділдік жоқ маңайда
Тұман басты бұл елді
Ләззат (Назым):
Біз қазақпыз, қазақпыз
өмір керек азапсыз
Ел боламыз егемен
Сонда ғана азатпыз
Жүргізуші:
Қазақстанда Тәуелсіздік үшін жастар қозғалысы 1986 жылы 17 желтоқсанда болды. Қайрат Рысқұлов, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сияқты батырлар болмаса ел азаттығы үшін үлкен терлік жасамаса ел азаттығын алар ма еді. Міне мен –қазақпын деп еркін айтуға қол жеткізген Тәуелсіздігімізге же 20 жыл толды.
Хор: Желтоқсан желі
Нұрсауле:
Жас арудың жанарында-желтоқсан
Қанды ғасыр табанында –желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған-желтоқсан
Қара тұман қабағында-желтоқсан
Ақнұр:
Жауыздықты жасқаған да-желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып
Абақтыға тастаған да-желтоқсан
Аяжан:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл, қаланы
Ардақты атамекенім
Отаным-Қазақстан
«Достық»әні Қ. Мерей
Бейбарыс:
Биік болсын шоқтығың
Атыңды айтам ән қылып
Желбірейді көк туың
Төбемізде мәңгілік
Гүлсая:
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің-Қазақстан
Ж. Мерей:
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным
Айгөйлек биі Ақнұр, Бейбарыс, Мерей
Назым:
Желбірейді көк туым
Түсіндей боп көгімнің
Мерекелік бақ гүлі
Егеменді елім менің
Динара:
Көк байрақ, көк аспан
Алтын күн, нұр шашқан
әлемге танылған
Тәуелсіз Қазақстан
Қ. Мерей:
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Қазақ биі - Ақнұр, Назым
Үнді биі - Нұрила
«Ертегілер» биі - Назым, Дильназ, Ақнұр, Мерей
Хор: «Бейбітшілік сақталады»
Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар!
Мыңдаған жылдар тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан республикасы қазіргі кезде бай да бақытты Осындай мемлекетте тұратын біз де бақыттымыз. Олай болса Тәуелсіздігіміздің бақыты баянды болып жалғасын таба берсін деп бүгінгі мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
Егеменді елім менің
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
2024年3月4日615 浏览

#16 желтоқсан#тәуелсіздік#ашық тәрбие сағаты#егеменді елім менің
推荐阅读
阿斯塔纳一在建建筑发生火灾 消防员正在扑救
阿斯塔纳耶西尔区一在建四层建筑屋顶发生火灾,位于Е-871街道,过火面积150平方米。紧急情况部消防员到场扑救,火灾已完全扑灭,无人员伤亡。
16 分钟前
整容医生用滚烫热油泼前妻,受害者失明并严重烧伤
7月5日,伊拉克巴格达阿尔纳希尔住宅区发生一起恶性事件:一名整容医生用滚烫热油泼向前妻,致其失明并全身严重烧伤。受害者是麻醉医生,嫌疑人被当场逮捕。社交媒体上发起话题声援,要求严惩。目前官方尚未确认受害者生死,法医鉴定结果将稍后公布。事件再次引发国内对家庭暴力和妇女权益保护的激烈讨论。
16 分钟前
凯拉特·克利姆别托夫辞去Freedom Holding Corp董事会职务
前哈萨克斯坦央行行长凯拉特·克利姆别托夫于7月8日辞去Freedom Holding Corp董事职务,公司称辞职无关分歧。他2024年6月加入董事会,离职后董事人数从7人降至6人。克利姆别托夫在2013-2015年任央行行长期间坚戈经历两轮贬值,后转向浮动汇率;此后担任阿斯塔纳国际金融中心负责人至2023年。他还曾任副总理、经济发展部长及萨姆鲁克-卡泽纳基金负责人。
36 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

