Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты: Есепті теңдеу құру арқылы шығару тақырыбынан алған білімдерін пысықтау, бекіту.
Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Тапқырлыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа, егеменді елімізді қасиеттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ғажайып алаң» ойыны.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы жұмбақтар шешіп, алған білімімізді көрсетеміз, толықтырамыз.
- «Ғажайып алаң» ойыны арқылы мына сандардың тапсырмаларына толық жауап береміз. Сабағымыз 9 бөлімнен тұрады.
«Ғажайып алаңды» айналдыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр қатардан 1 оқушы оқыту.
158 040
238 049
4680
12091
82 527
190 424
8016
176
Ғажайып алаңды айналдырамыз.
Келесі тапсырма «Ойлан, тап!» Жұмбақ өлең.
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға.
Болды елу әлгі жиын,
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер
Табылар емі бәрі бір
Айтар есеп шартын кім
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50
Х=50 - 2
Х=48
2+48=50
50=50
Сонымен, балалар, біз өткен тақырыпта алған білімдерімізді ары қарай пысықтаймыз.
«Ғажайып алаң» айналдырылады. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс 1 - 2 тапсырмаларды орындау.
1 - тапсырманы 1 оқушыға оқыту. Келесі тапсырма оқулықпен жұмыс 1 - 2 тапсырмаларды орындау.
Р=(Х см + 7см) 2
Р= Хсм + 7см+ 7см+ Хсм
Р =Х см 2+ 7см 2
Р=7см + Хсм
2 - тапсырма оқытылып, талданады.
Ш: 28 - 6=22 жас
х+6=28
х=28 - 6
х=22
22+6=28
28=28
Есептің шығару тәсілдері салыстырылады.
«Ғажайып алаң» айналдырылады. Оқулықтағы 4 - 5 тапсырмаларды орындау.
3 - тапсырма оқылып, талданады. Теңдеуді тақтаға жазғызу.
х 3 = 12: 2
х 3 =6
х=6: 3
х=2
2 3 =12 2
6=6
4 - тапсырма «Өзіндік жұмыс». Оқушылар дәптерлеріне орындайды. 1 оқушыға оқыту, балаларға дәлелдету.
«Ғажайып алаң» айналдырылады. «Кім тапқыр» Жұмбақ есеп.
Екі бала 5м/сек жылдамдықпен бір – біріне қарама – қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м болса, олар неше секундтан кейін кездеседі? Теңдеу құр.
«Ғажайып алаң» айналдырылады. Оқулықтағы 7 - 8 тапсырмаларды орындау. Кесте бойынша есептер құрастырылады. Жылдамдық, Уақыт, Қашықтықты табу ережелері еске түсіріледі.
8 - тапсырма. Ауызша орындалады.
a) Екі санның көбейтіндісінің мәні 7005-ке тең. Көбейткіштердің біреуін 5 есе арттырса? Көбейтіндінің мәні қалай өзгереді? 5 есе кемітсе ше?
b) Екі санның қосындысының мәні 7005-ке тең. Қосылғыштардың біреуін 5-ке арттырса, қосындының мәні қалай өзгереді? 5-ке кемітсе ше?
«Ғажайып алаң» айналдырылады. Логикалық есеп.
Белгісіз санды тап.
Х+5=2004 - 13
Х+5=1991
Х=1991 - 5
Х=1986
1986+5=2004 - 13
Тақтадан осы сандар көрсетіледі.
1986ж. ----- 1991ж.-------- 2004ж.-------- 15 жыл.
- Балалар, осы сандар нені білдіреді? Деп сұрақ қою арқылы әр жылдың ерекшелігін айтқызу. Сол жылдарда болған өзгеріс, оқиғаларды айтқызу.
- Тәуелсіз егеменді елімізге – 15 жыл толып отырғанын әңгімелеу;
- Тәуелсіздік жайында білетін өлеңдерін айтқызу;
«Ғажайып алаң» айналдырылады;
Қорытынды.
«Не үйрендік, нені білдік» стратегиясы бойынша оқушылар қорытындылайды.
Бүгінгі сабақта периметрді табудың әр түрлі тәсілдерін өрнек түрінде, есепті теңдеу құру арқылы есептер және ауданды табу, жылдамдық, уақыт қашықтықты таптық.
Жұмбақ есептер шығардық.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Үйге тапсырма:
9 тапсырма.
Сабақтың соңы.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
2024年3月5日821 浏览

#бастауыш#ашық сабақ#есепті теңдеу құру арқылы шығару#математиа
推荐阅读
哈萨克斯坦男子在阁楼发现旧版美元:能否兑换、是否要上报?
哈萨克斯坦一男子在旧别墅阁楼发现一袋旧版美元,可能来自1990年代。国家银行称,银行可接受托收并寄往发钞行,手续费不超过10%,但兑换无保证。民法典规定捡到物品必须上交内务机关,否则违法。此前政府表示,报告宝藏者可获价值50%报酬。法律专家建议先报告。目前尚无明确成功案例,兑换成功率未知。男子需权衡利弊。银行将寄往国外审核。
22 分钟前
哈萨克斯坦成为后苏联国家中囚犯数量降幅最大国家
据infohub.kz报道,犯罪与司法政策研究所编制的2025年全球囚犯数量排名显示,哈萨克斯坦在后苏联国家中降幅最大,每10万人口163人,较上年下降21人,全球排名第103位。排名涵盖224国,数据截至2025年底,萨尔瓦多居首,也门最低。研究覆盖联合国成员国及特殊地位区域,包括历史变化及审前羁押数据。
42 分钟前
高温、雷雨、大风:7月15日天气预报
7月15日哈萨克斯坦天气预报:阿拉木图+35°C,阿拜州和东哈州+41°C。多地有雷雨、大风、沙尘暴及冰雹,火险等级极高。阿斯塔纳雷雨,奇姆肯特高火险,科斯塔奈州雷雨冰雹,曼格斯套州雷雨,克孜勒奥尔达州沙尘暴,北哈萨克斯坦州暴雨,卡拉干达州雷雨,阿克莫拉州沙尘暴,东部地区高温火险极高。注意出行安全。
1 小时前
← 返回来源: bilimdiler.kz

