Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың есімдіктен алған білімдерін саралау, тексеру, тиянақтау, пысықтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру, қорытындылау;
2. Дамытушылық: Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы ойлау қабілетін, өз бетінше ізденуге, табу, қиялдау, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей білу дағдыларын шыңдау, сауатты жазуға дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінің пікірін тыңдауға, адамгершілік асыл қасиеттерге, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, тірек сигналдары, графопроектор, диктофон.
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ типі: білімді бекіту
Әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, жаттығу, тест
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу;
2. Кезекші мәліметі;
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығу жұмыстарын қарап шығу
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ. Сабақты қайталау, бекіту: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - мақалдың мәнін ашу, бүгінгі сабақты барлығымыз бірлесе, жұмыла отырып өткізуге ат салысайық.
1. «Жауап бер»: өткен сабақтардан алған білімдерін сұрақ – жауап
арқылы тексеремін:
а) Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
ә) Қандай сөз таптарымен таныстық?
б) Есімдік дегеніміз не?
в) Есімдіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
г) Есімдіктің қандай мағыналық түрлерін білесің?
д) Есімдіктердің емлесі туралы айт.
2. Деңгейлік тапсырмалар беріледі:
І деңгей: «Талдап көрсет»: Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса, асты сызылған сөзге фонологиялық талдау жаса, есімдіктің құрамына, мағынасына талда:
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай).
Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.
Әр оқушы өз міндетін жақсы атқарып жүр.
ІІ деңгей: Оқулықпен жұмыс: жаттығу жұмыстарын орындау: 211 – жаттығу – ауызша; 212 – жаттығу – жазбаша, есімдікті мағынасына ажырату; 213 – жаттығу – есімдіктің мағынасын анықтау, түбірін табу;
ІІІ деңгей: «Кім көп біледі?» - мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең шумағынан үзінді айтудан жарыс, есімдіктерді табу;
ІV деңгей: Есімдіктердің түрленуіне мысалдар келтіру
V деңгей: Сөздік диктант алу(оқылған сөздерден тек есімдіктердің астын сызу, қателерін графопроектор арқылы тексерту, өздеріне бағалату)
Мен, сен, орындық, ұста, кілем, сендер, бұл, осы, мына, әрбір, кімді, не, әлдекім, құлын, кезекші, кейбір, бастық, әрқалай, мөп – мөлдір, әрқашан, жиырма бес, өз, жеті, міне, ол, қандай.
VІ деңгей: 1. Диктофоннан мәтін тыңдату, есімдіктерді теріп жазып отыру:
Ауыл жанында өзен бар. Оны қашан көрсең де мөлдіреп жатады. Түбінде малта тастары бар, лай болмайды. Ауыл балалары сол өзеннің басында. Оның жағасында тұрған ауыл балалары суға жүзгіш келеді. Олар өзеннен балық та аулайды. Өзенде қанша уақыт болса да қызығына бір тоймайды.
V. Сабақты қорытындылау: Тест тапсырмаларымен жұмыс(10 сұрақ):
1. Сілтеу есімдігі қайсысы?
а) сол
в) мен
с) кім
д) ешкім
2. Өзіндік есімдік қайсысы?
а) үзеңгі
в) өзіміз
с) жақсылар
д) артынан
3. Өзіндік есімдігі бар тіркес қайсысы?
а) менің елім
в) өз елім
с) ел мен жер
д) ел іші
4. Сұрау есімдігін көрсет
а) ақыл
в) үміт
с) қайда
д) оқыт
5. Сілтеу есімдігін көрсет:
а) сонау
в) кейбіреу
с) ешкім
д) мен
6. Болымсыздық есімдікті тап:
а) Ешқайсысы
в) Әсемпаз
с) Әлдеқайда
д) Кім
7. Екі түбірден бірігіп жасалатын есімдікті көрсет:
а) белгісіздік
в) жалпылау
с) жіктеу
д) сілтеу
8. Жіктеу есімдігін тап:
а) кімдер
в) әрбір
с) біз
д) өзіміз
9. Жалпылау есімдігін тап:
а) өзім
в) бүкіл
с) нешінші
д) ешбір
10. Белгісіздік есімдігі бар тіркесті көрсет:
а) кейбір жігіт
в) ешбір дыбыс
с) бүкіл әлем
д) қанша адам
VІ. Үйге тапсырма: а) «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңіне қара сөзбен шағын шығарма жазу;
ә) Есімдіктен өткенді қайталау;
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау (Берілген тапсырмалар оқушылардың еркін сөйлеуіне, есімдіктерді жылдам табуға, мағыналық түрлеріне ажыратуға үлесі зор болды. Бүкіл сынып болып еңбек етті, бірі білмегенді екіншісі толықтырды.)
Есімдіктен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау
2024年3月5日794 浏览

#қазақ тілі#6 сынып#есімдіктен өткенді қайталау
推荐阅读
法官解释为何判处苏丹·萨尔塞马利耶夫无期徒刑
阿特劳法院法官扎雷玛·哈米杜利娜透露,判处苏丹·萨尔塞马利耶夫无期徒刑的原因是其在2025年5月至12月期间故意杀害四人,并事后实施诈骗、盗窃、侵占身份证件等多项犯罪,包括以死者名义贷款和冒充死者发送信息,法院认为其社会危害性极大,决定永久隔离。该判决于2026年7月14日公布,引发社会关注。案件细节令人震惊。
24 分钟前
阿拉木图轻轨预计2027年底开通
阿拉木图轻轨(LRT)将于2027年底开通,首条线路长18公里,连接阿拉套区与市中心及火车站。列车采用电池供电,无架空线,共设34站,每列可载285人,平均时速35公里。与传统有轨电车不同,全程地面铺设,无需高架桥,保持天空净朗。目前正拆除旧轨道,项目由市道路基础设施发展局负责。副局长表示列车在车站充电。
24 分钟前
以色列总理内塔尼亚胡因种族灭绝指控被国际通缉
土耳其法院就“苏穆德”人道主义船队案件,对以色列总理内塔尼亚胡及34名官员发出国际通缉令,指控其犯有种族灭绝和反人类罪。该船队由500多名活动人士驾驶50多艘船只,旨在打破加沙封锁。船队在塞浦路斯附近被以色列海军拦截,约175人被扣押,事件再次引发国际紧张局势。土耳其总统埃尔多安此前批评以色列政府已陷入战争依赖。
24 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

