Тақырыбы: Есімдіктің емлесі
Мақсаты: 1) Есімдіктердің жазылу емлесін ұқтырып, сауаттылығын, есте сақтау қабілетін, ой - өрісін арттыру;
2) Оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту; Тапқырлыққа, ұтымды, дәл жауап беруге дағдыландыру; Біліктілік таным деңгейін жетілдіру;
3) Туған тіліне, туған жерге, тәуелсіз Отанына деген сүйіспеншілікті ояту, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
І. Ұйымдастыру.
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2) Сөйлесу.
- Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Онда жақсы көңіл - күймен ұранымызды қайталап алайық. «Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады.»
- Өте дұрыс. Олай болса, білікті екенімізді бір байқатайық. Мен қазақ тілінде мақалдар оқиын, сендер сол мақалдардың орыс, ағылшын тіліндегі баламасын табыңыздар.
- Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Онда жақсы көңіл - күймен ұранымызды қайталап алайық. «Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады.»
- Өте дұрыс. Олай болса, білікті екенімізді бір байқатайық. Мен қазақ тілінде мақалдар оқиын, сендер сол мақалдардың орыс, ағылшын тіліндегі баламасын табыңыздар.
1) Өз үйім - кең сарайым, боз үйім.
Мой дом - моя крепость
Му house is my castle.
2) Ештен кеш жақсы
Лучше поздно, чем никогда.
Better late than never.
3) Өз үйім - өлең төсігім
В гостях хорошо, а дома лучше.
East or west, home is best.
- Балалар, мұның ішінен бізге таныс қандай есімдіктерді кездестірдіңдер?
Жалпы есімдік дегеніміз не?
Есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) БЕЛГІСІН ДЕ САНЫН ДА АТАМАЙ, ТЕК СОЛАРДЫҢ ОРНЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР БОЛАДЫ. Сол сөздерді есімдік дейміз.
Есімдіктің неше түрі бар? (Оқушыларға жаздыру)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
- Біздің ұранымыз қандай еді?
Үйге не беріліп еді?
1) Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?
2) Белгісіздік есімдігінің ерекшеліктері қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
– Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз «Есімдіктің емлесі»
Тақырыптың мақсаты: Есімдіктің жазылу емлесін ұғып, сауаттылығымызды арттырып, ой - өрісімізді, есте сақтау қабілетімізді дамыта түсу, сондай - ақ өзімізді ізденімпаздыққа тапқырлыққа, туған тіліміз бен тәуелсіз Отанымызды сүйе білуге тәрбиелеу.
Дәптерге тақырыпты жазу.
Кестеге назар аударыңыздар.
Есімдіктің емлесі
1. Дара есімдіктер бөлек жазылады.
Бұл тақырыпты өзім таңдадым.
2. Кейбір сөздер басқа есімдіктермен бірігіп, күрделі есімдіктер болады.
Олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, әрқашан, әлдекім - тағы басқалар.
3. Кейбір сөздер басқа сөз таптары мен (зат есім, кейде қатыстық сын есімдермен) тіркесіп қолданылады. Олар бөлек жазылады.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
208 жаттығу. Күрделі есімдіктерді теріп жазу, емлесін ұғу.
Біреу белгісіздік есімдігі. Зат есімнің орнына жұмсалады.
Қайсысы белгісіздік есімдігі
Қайсыбірі белгісіздік есімдігі
Бұл – дара есімдік
Солар – дара есімдік
Әркім – белгісіздік есімдігі бірге жазылады.
Әрбір белгісіздік есімдігі бірге жазылады.
Кейбіреулер белгісіздік есімдігі бірге жазылады.
Не түрлі – қатыстық сын есіммен тіркесіп, бөлек жазылады.
Әр кәсіпке – зат есіммен тіркесіп, бөлек жазылады.
209 - жаттығу.
Күрделі есімдіктердің қандай есімдіктермен бірігіп жасалғанын анықтау.
Кейбір кей және бір деген екі түбірден құралған, бірге жазылады.
Әлдене бірге жазылады.
Әлдекім бірге жазылады.
Әлдене – бірге жазылады.
Нешебір бірге жазылады.
Ү. Бекіту.
1. Қазақстан – көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
2. Қасиеттің бәрі керек адамға,
Жұмбағы көп, мынау үлкен ғаламда.
3. Ұстаз, анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз
Дәптерге қанша түнейсің?
Суарып білім шәрбатпен
Дүниеден бізге, жақсылық қана тілейсің.
4. Төрт анаға әнін жалғай алмаған,
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорымаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған
5. Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын анам
Болайын менде аман.
ҮІ. Үйге тапсырма
1. Есімдіктердің емлесін жаттау.
2. 210 - жаттығу.
Бөлек жазылатын күрделі есімдіктерді теріп жазып, есте сақтау.
ҮІІ. Бағалау
Есімдіктің емлесі
Тақырыбы: Есімдіктің емлесі
2024年3月5日524 浏览

#қазақ тілінен ашық сабақ#жіктеу есімдігі#өздік#болымсыздық#есімдіктің емлесі
推荐阅读
西班牙击败法国晋级2026年世界杯决赛:半决赛回顾
2026年世界杯半决赛,西班牙队以2:0战胜法国队,率先晋级决赛。上半场第22分钟,奥亚萨瓦尔点球命中;下半场第58分钟,波罗扩大比分。决赛对手为英格兰与阿根廷的胜者,法国队将争夺季军。西班牙队全场防守稳固,反击高效,展现冠军相。
6 分钟前
伊朗打击巴林和科威特的美军基地
伊朗对美军实施报复,使用导弹和无人机打击了巴林谢赫伊萨基地和科威特阿里·萨利姆基地,摧毁多架MQ9无人机及武器仓库。伊斯兰革命卫队宣布行动,并警告美国若继续在中东施暴,该地区将一滴石油也运不出去。此前美国总统特朗普已通知国会美国与伊朗处于战争状态。美国此前对伊朗南部军事目标发动了空袭。伊朗此次打击是对美国的报复。
26 分钟前
「千恩万谢那些承受我的罪过和困难的人」:塔玛拉·阿萨尔回应批评者
哈萨克斯坦歌手塔玛拉·阿萨尔加入政党并成为制宪会议议员候选人后,在社交媒体上发文回应批评,感谢支持与反对的声音,强调候选人非议员,并引用父亲教诲。
26 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

