Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, көгершін макеті, үнтаспа, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау( 2 - 3 оқушы)
1. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
2. Баспа түрінен және жазба түрінен кім көрсетеді?
3. Ү дыбысының жазба түріндегі бас әрпін, кіші әрпін кім көрсетеді?
4. Үкі деген сөзді кім жазып көрсетеді?
5. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
6. Үкі деген сөз бе, сөйлем бе?
7. Ү қандай дыбыс?
- Балалар, сұрақ - жауап арқылы нені құрастырдық?
- Гүл құрастырдық.
- Барлығың гүл деп айтып көрейікші. Гүл деген сөз бе, сөйлем бе?
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
3. Жаңа сабақ
Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту. Слайд арқылы суреттерін көрсету.
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Оқулықпен жұмыс кезеңі
«Г» дыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға буындатып оқыту.
- Г дыбысы бар буындарды теріп оқыту.
«Ақ көгершін»өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту. Мағынасына тоқталып өту.
Дәптермен жұмыс кезеңі
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету.
- Тақтаға үлгі көрсету.
4. Сабақты қорыту
1 - қатар «Жоқ буынды тап» ойыны Ше..., өшір..., іл..., ір..., бәй.... 2 - қатар «Сөздерде неше буын бар» ойыны Шегіртке, бәйге, Құлагер, ілгіш, гүл.
3 - қатар «Буындардан сөз құра» ойыны
Әң, гі, ір, ге, ме, жі, гер, шін, кө.
«Ақ көгершін» әнін айтып сабақты қорыту
Оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: «Г дыбысы мен әрпін оқу».
Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
2024年3月5日739 浏览

#сауат ашу#бастауыш сыныпқа арналған#г дыбысы мен әрпі
推荐阅读
齐达内将执教法国队,接替德尚
据转会专家罗马诺透露,传奇球星齐达内将接替德尚成为法国队新主帅。德尚在2026世界杯半决赛输给西班牙后离任,结束自2012年起的执教。齐达内曾率皇马连续三年夺得欧冠,自2021年离任后一直赋闲。他上一次为法国队出场是2006年世界杯决赛,头撞马特拉齐被罚下。官方声明将在法国队最后一场比赛后发布。
12 分钟前
哈萨克斯坦北部发生严重车祸 8人受伤含儿童
北哈萨克斯坦州彼得罗巴甫尔至科克舍套公路发生严重车祸,马自达与丰田埃斯蒂玛相撞,造成8人受伤,其中包括儿童。伤者已被送往医院,州卫生局将公布伤情。警方已刑事立案,事故原因正在调查中。事故导致两辆车几乎报废,发动机被甩出数十米。警方提醒驾驶员遵守限速,注意路况和天气,保持警惕。
12 分钟前
必须遵守法律。我们的立场不会改变:教育部长发表声明
据infohub.kz报道,哈萨克斯坦教育部长珠尔杜兹·苏列缅诺娃宣布,从新学年起,“法律基础”恢复为必修课,并在5-7年级增设“宪法基础”课程。部长表示,自2022年改选修后,学生违法行为增加,每年数十万毕业生法律意识不足。学校必须加强法律教育,让孩子从小学会尊重法律。她强调:“我们的立场不会改变。”
32 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

