Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Г дыбысы және әрпімен таныстыру өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балаларды буынға
бөлу туралы түсінігін дамыту.
2. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытып, тіл байлығын арттыра отырып сөздерді байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, топтастыру жұмысы.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар үлестірмелі суреттер, әліппе дәптер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу назарларын сабаққа аударып, оқу - құралдарын дайындату.
1. Өтілген әріпті еске түсіру.
«Бір айналым сөйлеу» ойынын ойнату арқылы ішіңде Ү дыбысы бар сөздерді ойлап табу.
Бір оқушы 1 сөзден жазып, айналдыра береді.
үкі, күріш, күлкі, жүзік, т. б.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Дұрыс.
- Олай болса мен сендерге «жұмбақ» жасырамын. Сол жұмбақтың шешуінен біздің бүгінгі өтілетін жаңа дыбысымыз шығады.
«Жұмбақ» шешу:
Гүлде бар,
Менде жоқ.
Шегеде бар,
Бізде жоқ (Г)
Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады. Г дыбысын қайталау.
Балалар, енді мен сендерге жаңғақ ішінде, арасында ғ дыбысы немесе басында ғ дыбысы келетін сөздер айтамын.
Олай болса, «Гүлжан» деген адамның атында бірінші қандай дыбыс естіледі?
- Г дыбысы.
- Г дауыссыз дыбыс.
- Г дыбысынан аталатын адамдардың аттарын ойлап табу.
(Гүлсім, Гауһар, Гүлнар, Гүлбаршын, т. б.)
Г дыбысының таңбасы. Г әрпі тақтаға жазылады.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
1. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқыту.
га, гу, ги. Е - гіз, ше - ге, е - геу, не - ге.
2. Бағандағы сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру.
Г дыбысы сөздің басында, ортасында көздеседі.
ІV. Дәптермен жұмыс.
1. Жазу жолындағы әріптерді жазу.
2. Буындық диктант.
та, га, са, ра, ге, гіз.
Олар суретке және сызбаға сүйеніп сөйлем құрап жазады.
Ол – гүл. Далада, үйде өседі.
«Ойлан тап» ойыны.
Г → Гүл, Гүлсім, Гүлжан, Гүлнар
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сергіту жаттығуы.
Кел, балалар, ойнайық»
Тектен текке тұрмайық.
Жемістерді жинайық,
Үзіп алып бақтардан
Жолдастарға сыйлайық!
V Сөздік диктант.
Шеңгел, ауа, су, ну, ту, ана, ата.
VІ Сабақты қорытындылау, бекіту.
- Біз не үйрендік?
- Г дыбысы мен әрпі.
Балалардың білімдерін бағалау.
VІІ Үйге тапсырма беру.
Егеу, шеге суреттері
Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
2024年3月5日672 浏览

#бастауыш сынып сабақ жоспары#г дыбысы мен әрпі#сауат ашу 1 сынып
推荐阅读
搭载国际乘组的“联盟MS-29”飞船从拜科努尔发射升空
2026年7月14日,搭载国际乘组的联盟MS-29飞船从拜科努尔发射升空。火箭顺利进入轨道,天线和太阳能板展开正常。乘组包括俄罗斯宇航员彼得·杜布罗夫、安娜·基基娜和美国宇航员阿尼尔·梅农。飞船将对接国际空间站俄罗斯舱段“码头”模块,执行为期约八个月任务。NASA局长贾里德·艾萨克曼抵达拜科努尔参加送行活动。
6 分钟前
阿雷西市长之子涉交通事故:市长声明不干预调查
阿雷西市长的儿子驾驶出租车在阿斯塔纳-巴甫洛达尔公路发生事故,20岁乘客塔尔加特双腿截肢并经历临床死亡。市长卡伊萨尔·曼卡拉耶夫声明不会干预调查,法律面前人人平等。伤者姐姐称司机有29次违章,担心不公。肇事者被软禁面临两年监禁。调查已按相关条款展开。此前曼吉斯套州类似事故已判刑。引发社会关注,公众讨论广泛。
26 分钟前
阿拉木图托米里斯小区发生大火 消防员正在扑救
哈萨克斯坦紧急情况部正在扑灭阿拉木图市阿拉套区托米里斯小区一栋行政大楼的大火,火灾已升级为高级别响应。现场设立行动指挥部,消防员正排查被困人员并破拆屋顶。消防人员兵分两路,一路扑灭主要火点,另一路保护邻近建筑,并从所有可用的露天水源取水确保供水。目前火势已得到控制,暂无人员伤亡报告,消防部门仍在现场处置。
46 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

