Тақырыбы: Ғарышқа сапар
Мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға 12 сәуір – Бүкіл дүниежүзілік космонавт және авиация күні мерекесі жайында түсінік беру, білімдерін толықтыру.
ә) тәрбиелігі: Оқушыларға эстетикалық әсер бере отырып, өнерді сүюге, ұқыптылыққа баулу. Қазақтың ғарышкерлерін ұмытпауға, есте сақтауға үйрету.
б) дамытушылығы: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қызықты ойындар арқылы ояту және сана сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Аспап, DVD, оқулық, шар,
Әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ән айту
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу;
• Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау
Шаттық шеңберге жиналайық. Ортаға өз есімімізді айтып, Бас әрпінен басталатын сөз айту керек. Оқушыларға парақша таратылады. Парақшадағы бейнеленген суретке байланысты топқа бөлінеді.
1. Домбыра, ішекті аспаптар
2. Жетіген, көп ішекті аспап
Бүгінгі сабағымыз 4 бекеттен тұрады.
«Үй тапсырмасы» бекеті
Шардағы білім көзі
Сөзжұмбақтар кемесі
ІІІ «Жаңа сабақ» бекеті
Ой тастау сатысы
Музыка тыңдау бөлімі
Дауыс жаттықтыру бөлімі
Әндету бөлімі
ІҮ. «Тапсырмалар» бекеті
Ү. «Сабақты бекіту» бекеті
Зымыран сұрақтар
Үй тапсырмасын сұрау.
Шардағы білім көзі. Бұл топты таңдау жеребе арқылы анықталады.. Үрленген шарды топтан бір оқушы шығып, әрбір сұраққа жауап беру керек., егер жауап бере алмаса, екінші топтың ойыншысы жалғастырады. Барлық шарды жарып шыққан топ жеңіске жетеді.
Сайыстың сұрақтары:
1. Би өнері дегеніміз не?
2. Қазақтың ұлттық би өнері нешеге жіктеледі? 3 - ке
( Ұлттық би, аспап/қ би музыкасы, ән би музыкасы)
3. Ертедегі би түрлерін атап, жаз
( Қоян, Ұтыс, Бүркіт биі, Қаражорға, Қамажай т. б)
4. ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі өнер иелері, бишілерден кімдерді білесің? ( Рақымберді, Зәрубай, Рақым Асылбекұлы)
5. «Ұтыс» би жарысы туралы не түсіндің? (Жарысып билеу)
6. Қазақтың ұлттық би өнерін жаңа сатыға көтерген биші кім?
(Шара Жиенқұлова.)
7. Ұлттық би өнерінің өркендеуіне үлес қосқандар өнер адамдары....
8. «Аймақтар аламаны» телешоуда Атыраудан қатысқан биші.
9. Қазақ мемлекеттік ән – би ансамбльдері (Салтанат, Гүлдер)
10. Шара қандай қазақ операларында би көріністерін орындаған?( жалбыр, Қыз Жібек, Ер Тарғын опера
Ой қозғау бөлімі Би өнері туралы түсінік беру
Сөзжұмбақтар кемесі. Кеменің жанында әр түрлі әдемі жазулар бар онда былай делінген. Сөзжұмбақтың шешуі арқылы бүгінгі жаңа тақырыбымыз ашылады.
Қ а р а ж о р Ғ а
Б о л А т
З ә Р у б а й
Ұ т Ы с
Ш а р а
Р а Қ ы м б е р д і
С а л т А н а т
С о л ь
Р А қ ы м
А с П а п
Ш ұ ғ ы л А
Р е
№ 1 1. Қазақтың ұлттық биі
2. Дарынды, өнер иесі Аюхановтың есімі
3. Қоян биін орындаған өнерлі жігіт
4. Жарыс биі қалай аталады?
5. Жиенқұлованың есімі
6. Тоғыз түйенің үстінде секіріп билеген өнерлі жан
7. Ән би ансамблін ата
№2 1. Нотаның бес сызығы орналасқаннан кейін не орналасады?
2. « Қаражорға», « Ортеке» билерін асқан шеберлікпен билеген кім?
3. Домбыра, қобыз, адырна бұларды қалай атаймыз
4. Сапарғалиқызының есімі, оралман биші
5. Нота
ІІІ «Жаңа сабақ» бекеті
12 сәуір - Бүкілдүниежүзілік ғарышкерлік және авиация күні. 1957 жылдың ақпан айында дүние жүзінде тұңғыш рет конструктор С. П. Королевтің басшылығымен жасалған жасанды жер серігі ғарышқа шығарылды.
1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тағы бір жаңалық бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин « Восток» кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.
Ғарыш кемесі – әрі үй, әрі ғылыми лаборатория. Мұнда ғарышкерлер тұрып жұмыс істейді.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Талғат Мұсабаев Абайдың « Айттым сәлем, Қаламқас әнін орындаған екен. 1998 және 2001 жылдары да ғарышқа сапар шекті, зерттеумен жұмыстармен айналысты. Ғарыш әлемі жөніндегі жаңалыққа назар салайық.
Қазақстан телеарнасының «Ғарыш кеңістігінде» журналист Мәдидің жаңалығын тыңдату. (видео көрініс)
Музыка тыңдау бөлімі. « Космонавт» Орыстың балаларға арналған әні
Дауысты жаттықтыру бекеті “ Бра – бре – бри, бро – бру, бру - бро, бри - бре - бра(до – ре - ми - фа – соль, соль – фа - ми - ре - до)
Әндету бөлімі « Космонавт боламыз»
әні: С. Мұхамеджанов, Өлеңі: Ш. Мұхамеджанов
ІҮ «Тапсырмалар» бекеті
Бұл бекетте екі топтың барлығына бірдей тапсырма беремін.
Сол тапсырманы тез арада тобымызбен орындап шығу керек.
1)«Қызықты космос кемесі» Бұл екі топқа тапсырма беріледі. Бұл тапсырма ребустардың шешімін табу ( шешуі: Талғат Мұсабаев, Талғат Әубәкіров)
2) Суретшілер космос кораблі. Бұл бөлімнен өту үшін әр топ өзіне берілген тапсырманы мұқият орындау керек.
І топ “Ғарыш кеңістігінде”
ІІ топқа “Менің туған ауылым”
Сергіту сәті... Қаражорға биін билеу (Видео арқылы)
Ү «Сабақты бекіту» бекеті
Зымыран сұрақтар
Сұрақтары
иә жоқ
1. Ғарыш кемесі – әрі үй, әрі лаборатория ма?
2. 1957 жылы наурыз айында С. П. Королевтің басшылығымен жасалған жасанды жол серігі ғарышқа шығарылды ма?
3. 12 сәуір – Бүкіл дүниежүзілік ғарышкерлер және авиация күні.
4. Тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин “Восток “ кораблімен ғарышқа ұша алмады.
5. Ғарышта зерттеу жұмыстарымен айналыспайды ма?
6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 1991 жылы қазанның 2 - сінде әлем тұңғиығына самғады.
7. Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет сапар шекті.
8. Ғарышкер Талғат ағамыз Абайдың әнін орындады ма?
ҮІ. Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан мен....
• Мен бүгін не үйрендім?
• Не ұнады?
• Ұнамаған жер болды ма?
Қандай ұсынысың бар
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Қазақтың ғарышкерлерінің өмірі туралы мәнжазба жазып келу.
Бүгінгі сабақта үйренген жаңа әніміздің сөзін жаттауға.
Ғарышқа сапар
Тақырыбы: Ғарышқа сапар
2024年3月5日769 浏览
#ғарышқа саяхат#12 сәуір ғарыш күніне арналған#космонавттар мерекесі
推荐阅读
别墅不再是种土豆:哈萨克斯坦六分地多少钱?
哈萨克斯坦别墅市场分析:从种土豆到郊外住宅。阿拉木图、阿斯塔纳和科纳耶夫的六分地价格、需求、问题及专家预测。详实数据与建议。
22 分钟前
伊朗宣布取消与美国和平协议
伊朗外交部副部长卡泽姆·加里巴巴迪称,因美国违反承诺并恢复军事行动,伊朗与美国签署的谅解备忘录已被取消。该备忘录于6月18日签署,规定立即停火并解封霍尔木兹海峡。美国7月13日通知国会恢复作战,14日凌晨发动打击,持续五小时,目标为伊朗军事基础设施。伊朗反击,袭击了美国在巴林、科威特和约旦的基地,并击伤阿联酋油轮。来源:infohub.kz
22 分钟前
追求完美睡眠反而让你失去休息:八小时并非通用标准
您是否被八小时睡眠标准困扰?完美睡眠强迫症让你失去休息。科学解析昼夜节律与睡眠需求。阿尔马兹·沙尔曼建议:停止追求完美,尊重生物钟,告别焦虑。本文探讨八小时并非通用标准的原因,分析完美睡眠强迫症的危害,介绍科学原理和实用建议。告别睡眠焦虑,拥抱自然节律。来自infohub.kz的深度报道。
42 分钟前
← 返回来源: bilimdiler.kz

